Scorpions в Алматы

Щелкунчик

2021 / 2022                  Үлкен зал                  ІХ маусым

29 желтоқсан * сәрсенбі * 12.00

30 желтоқсан * бейсенбі * 12.00

БАЛАЛАРҒА АРНАЛҒАН СПЕКТАКЛЬ

П. Чайковский

«ЩЕЛКУНЧИК»

2021 жылғы 29, 30 желтоқсан күндері «Астана Опера» МОБТ-да ұлы орыс
композиторы П. Чайковскийдің «Щелкунчик» балеті ұсынылады (қысқартылған
нұсқасы).
Қоюшы хореограф – КСРО Халық әртісі, Мемлекеттік сыйлықтардың
лауреаты Юрий Григорович. Сценография авторы – КСРО Халық суретшісі,
Мемлекеттік сыйлықтың лауреаты Симон Вирсаладзе.
Дирижер – Абзал Мұхитдин, Қазақстанның еңбек сіңірген қайраткері

Э.Т.А.Гофман ертегісінің желісі бойынша жазылған жаңажылдық
«Щелкунчик пен тышқан патшасы» балеті балалар мен үлкендерге бірдей
қызықты. Балаларды қызықтыратын тіріліп кететін ойыншықтар, мерекелік оттары
жанған шырша, сиқыршының жұмбақ тұлғасы... Үлкендер Чайковскийдің бақытты
үйлесімділікке толы данышпан музыкасын естіп қана қоймай, Юрий Григоровичтің
композитор партитурасына сенім артып, сүйкімді ертегіні қол жетпес пәк бақыт
туралы философиялық толғанысына куә болады. Сонымен бірге бұл жанның есеюі
мен махаббатты сезіну туралы поэтикалық әңгіме. Басты кейіпкер, сонымен бірге
кішкентай көрермендер де қуыршақ-Щелкунчиктің күлкілі келбетінің артында
мейірімді батыр жүректің барын түсіне бастайды, ал ойыншыққа деген махаббат
мен аяушылық басты кейіпкер үшін тамаша Ханзадамен кездесуге әкеледі. Бірақ,
тек түсінде ғана...

БАСТЫ КЕЙІПКЕРЛЕР ЖӘНЕ ОРЫНДАУШЫЛАР

29 ЖЕЛТОҚСАН
Мари – Мәдина БАСБАЕВА, Қазақстанның еңбек сіңірген қайраткері
Щелкунчик-Ханзада – Айбар ТОҚТАР
Дроссельмейер – Ильдар ШАКИРЗЯНОВ
Тышқан патшасы – Диас ҚҰРМАНҒАЗЫ
Штальбаум – Рахметолла НАУАНОВ
Оның әйелі – Әсел КЕНЖЕБЕКОВА
Щелкунчик-қуыршақ – Ғалымжан НҰРМҰХАМЕТ
Щелкунчик-қуыршақ – Әнел ЕСҚАЛИЕВА
Фриц – Үміт ТОҚТАРБАЕВА

* * *

30 ЖЕЛТОҚСАН
Мари – Әйгерім БЕКЕТАЕВА, Қазақстанның еңбек сіңірген қайраткері
Щелкунчик-Ханзада – Бақтияр АДАМЖАН, Қазақстанның еңбек сіңірген қайраткері
Дроссельмейер – Олжас ТАРЛАНОВ
Тышқан патшасы – Диас ҚҰРМАНҒАЗЫ
Штальбаум – Рахметолла НАУАНОВ
Оның әйелі – Әсел КЕНЖЕБЕКОВА
Щелкунчик-қуыршақ – Данияр ЖҰМАТАЕВ
Щелкунчик-қуыршақ – Нұрай НҰРСАФИНА
Фриц – Үміт ТОҚТАРБАЕВА

«АСТАНА ОПЕРА» ТЕАТРЫНЫҢ БАЛЕТ ӘРТІСТЕРІ,
ОРКЕСТРІ, ХОРЫ, МИМАНСЫ, БАЛАЛАР ХОРЫ

Қойылым ұзақтығы – 50 минут