Ne Prosto Orchestra - Не Просто Новый год в Алматы

Сені сағындым...

Сені сағындым...Өтетін орыны: «Әзірбайжан Мәмбетов атындағы мемлекеттік драма және комедия театры» (Nomad City Hall), Астана қ, Мәңгілік ел көш, 55/2, B2.3​

Автор: А. Володин

Режиссері: Аридаш Оспанбаева

Аударған: М. Омарова

Жанр: Драма

Ұзақтығы: 1 сағат 10 минут

Жас санаты: 16+

Қосымша: Спектакль басталу уақытынан кешіккен  көрермендер театрға жіберілмейді! 

Қай заманда қандай қоғамда болмасын отбасылық құндылықтың мәні жоғары бағаланады. Екі түрлі мінезді, сан қырлы таным-түсінікті бір арнаға тоғыстыру ерлі-зайыптылар өмірі үшін анау айтқандай оңай іс емес...

Орыс драматургы А. Володиннің отбасылық қайшылықтарға толы бұл  пьесасы сот залына келген ажырасушы тараптардың арыз-шағымдарына арқау болған. Сот залындағы бес отбасының ажырасу себептері де әртүрлі. Сатқындық, суынған сезімдер, сыйластықтың құрдымға кетуі...