Scorpions в Алматы

27 маусымда Астаналық көрермендерге  Социалистік Еңбек Ері,  КСРО халық артисі, Лениндік сыйлықтың және КСРО Мемлекеттік сыйлығының лауреаты, академик Юрий Григоровичтің қойылымда С. Прокофьевтің «Ромео мен Джульетта» балеті көрсетіледі.

Әлемдік әдебиетте қызықты, бірақ трагедиялық махаббат туралы оқиғалар аз емес. Көптің ішінде бір оқиға ерекше көзге түседі, екі верондық ғашықтар Ромео мен Джульета оқиғасын - жер бетіндегі ең қайғылы деп біледі.

В.Шекспирдің бұл өшпес трагедиясы  төрт ғасырдан астам уақыт бойы  милиондаған жанның жүрегін жаулаған «Ромео мен Джульетта» атақты трагедиясы алынды.  Өнерде  өлім мен өшенділікті, зұлымдықты жеңген таза және нағыз махаббат үлгісі ретінде қалыптасқан. Бұл оқиғаның барлық уақыттағы ең жарқын музыкалық интерпретацияларының бірі С.Прокофьевтің «Ромео мен Джульетта» балеті болып саналады. Композитор Шекспирдің хикаясының барлық күрделі мазмұнын осындай керемет балет партитурасына «көшіре» білді.