Jullien Dassin

РОМЕО МЕН ДЖУЛЬЕТТА

Сергей Прокофьев

«РОМЕО МЕН ДЖУЛЬЕТТА»

2 бөлімді балет

 

Хореография авторы – Шарль Жюд (Франция)

Дирижер – Джузеппе Акуавива (Италия)

 

1595 жылы жазылған ақсүйек руының жауласуына жататын ғашықтардың трагедиялық қазасы туралы және Берлиоз бен Гунодан бастап Чайковскийге дейінгі көптеген музыканттарды ерлікке шабыттандырған Шекспирдің (1564-1616) «Ромео мен Джульетта» трагедиясы балетінің басты айтар ойы Прокофьевте 1933 жылы туындады. Тақырыбын танымал шекспиртанушы, сол кездерде Киров (Мариин) атындағы Ленинград опера және балет театрының көркемдік жетекшісі болған С.Э. Радлов (1892-1958) айтқан-ды.

«Ромео мен Джульетта» премьерасы 1938 жылдың 30 желтоқсанында чехтың Брно қаласында Иво Псотаның хореографиясымен жүзеге асты. 1946 жылы қайта өңделіп, толықтырылған Лавровскийдің жаңа редакциясындағы балет Үлкен театрда (Мәскеу) қойылды. 1955 жылы Мосфильм балеттің қысқарған кинонұсқасын түсірді. Джон Крэнко (1962), Кеннет Макмиллан (1965), Рудольф Нуриев (1972) сияқты басқа да балетмейстерлер уақыт өте келе балеттің жаңа қойылымдарын жасады. Юрий Григорович балетті тұңғыш рет Париждің «Опера Гарнье» сахнасында қойды (1978).

 

БАСТЫ КЕЙІПКЕРЛЕР ЖӘНЕ ОРЫНДАУШЫЛАР:

Джульетта – Мәдина Басбаева, Қазақстанның еңбек сіңірген қайраткері

Ромео – Тайыр Ғатауов, Қазақстанның еңбек сіңірген қайраткері

Тибальд – Олжас Маханбетәлиев / Айбар Тоқтар

Меркуцио – Серік Нақыспеков / Арман Оразов

Парис – Еркін Рахматуллаев

Бенволио – Николай Коршунов

 

Ұзақтығы – 2 сағат 30 минут (бір үзіліспен)

 

Дирекция өзіне орындаушыларды ауыстыру құқығын қалдырады