Scorpions в Алматы

Романс романтикасы

Құрметті көрермендер!

«Астана Опера» мемлекеттік опера және балет театрының «Ashyq» пилоттық жобасына қатысуына байланысты, спектакльдерге алдын ала, ертерек келуді сұраймыз.

 

Театрға келер алдында «Ashyq» қосымшасын алдын ала өзіңіздің ұялы құрылғыңызға орнатуды сұраймыз.

Қолдану бойынша нұсқаулық:

1. Өзіңіздің ұялы құрылғыңызға «Ashyq» қосымшасын жүктеп, орнатыңыз (Iphone үшін App Store, ал Android үшін Google Play).

2. Өзіңіздің телефон нөміріңіз бен ЖСН енгізіңіз.

3. Театрға кірер кезде «КІРУ» тіркеуін таңдап, QR-кодты сканерлеу қажет (КІРУ).

4. Жүйе келушінің мәртебесін анықтайды, оны кірер кезде міндетті түрде Театр қызметкеріне көрсету қажет

​Мәртебелер:

Көк және Жасыл – Театрымызға кіруге шектеу жоқ

Сары – Театрымызға кіру шектелген, себебі COVID-19 таралуы бойынша байланысушы тұлға болып табылады

Қызыл – Театрымызға кіруге үзілді-кесілді шектеу қойылған, себебі өзін-өзі оқшаулауда немесе амбулаториялық емдеуде болуы тиіс.

Егер келушіде «қызыл» немесе «сары» мәртебе анықталса, ол Театрға кіргізілмейді және мәртебесі туралы скриншоттың бар болуы кезінде спектакльдің басталуына дейін сатып алған билеттерін тапсырады.

 

Бүгінгі таңда инфекция жұқтырғандардың өзін-өзі оқшаулауын бұзу деректері анықталған кезде санитариялық-эпидемиологиялық бақылау органдары мен ішкі істер органдарының лауазымды тұлғаларының іс-қимыл алгоритмі әзірленді.

 

Бұл алгоритм Ведомствоаралық комиссияның 2020 жылғы 7 желтоқсандағы хаттамасымен бекітілген. Сонымен қатар осындай тұлғалар үшін айыппұл түрінде әкімшілік жауапкершілік көзделген.

 

5. Егер келушінің өз мәртебесін тексеруге мүмкіндігі болмаса, осы үрдісті Театр қызметкері «күзетші» режимінің көмегімен – келушінің келісімімен оның ЖСН ақпараттық жүйеге енгізу арқылы жүзеге асыра алады.

Түсіністік танытады деген сенімдеміз!

 

Үлкен залдағы спектакльдерге жас шектеуі: 10+, Камералық залдағы концерттерге: 7+

65 жастан асқан адамдардың театрға келуіне уақытша тыйым салынғаны туралы еске саламыз.

(Негіздеме: Нұр-Сұлтан қаласының бас мемлекеттік санитариялық дәрігері С.С.Бейсенованың қолы қойылған «Нұр-Сұлтан қаласындағы шектеу және карантиндік шаралары туралы» 02.02.2021 жылғы № 5 қаулының 1.5-тармағы)

Сонымен қатар үзіліс кезінде әлеуметтік арақашықтық пен маскалы режимді сақтауды сұраймыз.

 

 

2020/2021 Камералық зал VIІІ маусым

23 маусым * сәрсенбі * 19.00

 

Концерт

«Романс романтикасы»

Жас опера солистері «Романс романтикасы» атты вокалдық музыка концертін ұсынады.

Романс жанры асқақ поэзия мен тамаша музыканы бір арнаға тоғыстырған ерекше құбылыс ретінде музыка мәдениетінен нық орын алды. Алғашқы дыбысынан-ақ романс әуені адам жанына терең бойлайды, осынау музыкалық хикаялардың тереңдігі, шынайылығы мен тазалығы адам сезімдерінің ең нәзік қылдарын тербететін тәрізді.

 

 

БАҒДАРЛАМА:

А.Дюбюк, А.Разоренов. «Не брани меня, родная...»

Н.Артемьев, Н.Ленский. «Но я вас все-таки люблю»

Б.Фомин, И.Финк. «Полно, сокол, не грусти…»

Н.Харито, В.Шумский. «Отцвели, уж давно…»

Белгісіз автордың әні мен сөзі, Я.Пригожийдің ыңғайлауы. «Что это сердце?..»

Сөзі мен әнін жазған Н.Зубов. «Опьянела»

Сөзі мен әнін жазған Н.Зубов. «Не уходи, побудь со мною...»

«Милая» (сыған әні)

Т.Хренников, П.Антокольский. «Серенада Дон Кихота»

М.Шишкин, Н.Языков. «Ночь светла...»

Әні халықтікі, өлеңін жазған И.Никитин «Песня бобыля»

А. Титов, Д. Минаев. «Я знал ее милым ребенком...»

Б.Кейль, В. Белогоров. «Я люблю вас так безумно...»

Әні мен сөзін жазған Н.Листов. «Я помню вальса звук прелестный...»

Б. Прозоровский, Л. Пеньковский. «Мы только знакомы»

Б.Фомин, П.Герман. «Только раз бывает в жизни встреча»

И. Дунаевский. М.Матусовский. «Молчание»

И. Васильев, Ап. Григорьев. «Две гитары»

 

 

ОРЫНДАУШЫЛАР:

Халықаралық байқаулардың лауреаттары:

Назым САҒЫНТАЙ (сопрано)

Рамзат БАЛАКИШИЕВ (тенор)

Әсел ЖАҚИЯНОВА (скрипка)

Фортепиано партиясы – Зәру ЖАЗЫҚБАЕВА

 

Ұзақтығы – 1 сағат 30 минут

 

Дирекция орындаушылар мен орындалатын шығармаларды ауыстыру құқығын өзіне қалдырады