Jullien Dassin

НЕМІС РОМАНТИКАСЫ

2018 / 2019                   Камералық зал            VІ маусым

17 қазан * сәрсенбі * 19.00

«FORTE-TRIO шақырады» топтамасы

«НЕМІС РОМАНТИКАСЫ»

Қазақстан Республикасының Мәдениет және спорт министрлігі «Қазақконцерт» мемлекеттік концерттік ұйымының «FORTE-TRIO» мемлекеттік триосы жаңа маусымын «Астана Опера» театрының Камералық залында өтетін «Неміс романтикасы» концертімен ашады.

FORTE-TRIO ұжымының барлық музыканттары – танымал аспапшылар, халықаралық байқаулардың лауреаттары. Көркемдік жетекшісі – Қазақстанның еңбек сіңірген қайраткері Тимур Урманчеев.

Ансамбльдің аса бай репертуарына бароккодан джазға дейінгі түрлі стильдер мен бағыттағы туындылар енген. Өздерінің орындаушылық интерпретацияларын жасай отырып, трио классикалық музыка бағалаушыларының жүрегін жаулауда. Қазақ халық музыкасы және Қазақстан композиторларының туындылары ұжым шығармашылығында ерекше орын алады.

Музыканттар сонымен қатар оркестрмен, әртүрлі солист-аспапшылармен және әншілермен ансамбль жасап, бірге өнер көрсетеді.

FORTE-TRIO – көптеген халықаралық байқаулардың қатысушысы, ұжым Еуропа мен Азияның айтулы концерт алаңдарында бірнеше рет Қазақстан атын танытқан.

Концерт бағдарламасында Феликс Мендельсон-Бартольди, Роберт Шуман, Йоганес Брамс сынды романтик композиторлардың музыкасы шырқалады.

 

Орындаушылар:

«FORTE-TRIO» мемлекеттік триосы

Тимур Урманчеев, Қазақстанның еңбек сіңірген қайраткері (фортепиано)

Динара Базарбаева-Сахаман (скрипка)

Мұрат Нарбеков (виолончель)

 

Азамат Жылтыркөзов, Қазақстанның еңбек сіңірген қайраткері (баритон)

Ольга Калько (альт)

 

Бағдарлама:

Ф.Мендельсон-Бартольди. N2 фортепианолық триосы, до минор

Р. Шуман. «Ақын махаббаты» вокалдық топтамасы, ор. 48

Й. Брамс. №1 фортепианолық квартеті, соль минор, ор. 25

 

 

Ұзақтығы – 1 сағат 30 минут