Қазақ халық аспаптар оркестрі
Өтетін орыны: Қостанай қаласы, Жастар сарайы
Өтетін күні: 6 ақпан
Өтетін уақыты: 18:30
Турақ: бар
Жас санаты: 10+
Қосымша:
Е. Өмірзақов атындағы орыс халық аспаптар оркестрінің 35 жылдығына арналған ІІІ халықаралық дирижерлар форумы.
Қазақ халық аспаптар оркестрі.
Шақырылған дирижерлер:
Әли Алпысбаев - ҚР Еңбек сіңірген қайраткері, (Құрмет) орденінің иегері, композитор, М. Төлебаев атындағы халық аспаптар оркестрінің бас дирижері (Талдықорған).
Фарук Садыков - Өзбекстанның халық әртісі, профессор.
Берік Батырхан - Халықаралық және республикалық байқаулардың лауреаты Нұр-Сұлтан қаласы әкімдігінің Мемлекеттік академиялық филармониясының симфониялық оркестрінің көркемдік жетекшісі (Нұр-Сұлтан).
Нұрлан Бекенов - ҚР Мәдениет қайраткері, күйші, композитор, Нұр-Сұлтан қаласы әкімдігінің академиялық филармониясының қазақ халық аспаптар оркестрінің дирижері (Нұр-Сұлтан).
Берік Оразалин - М. Төлебаев атындағы V халықаралық (Алтын таяқша) байқауының лауреаты Е. Өмірзақов атындағы Қостанай облыстық филармониясының қазақ халық аспаптар оркестрінің бас дирижері (Қостанай).
Аслан Өтебаев - Б. Рзаханов атындағы ІІІ республикалық (Сиқырлы таяқша) байқауының лауреаты. Е. Өмірзақов атындағы Қостанай облыстық филармониясының қазақ халық аспаптар оркестрінің дирижері (Қостанай).
Батырбек Байназаров - Мәдениет саласының үздігі Е. Өмірзақов атындағы Қостанай облыстық филармониясының қазақ халық аспаптар оркестрінің көркемдік жетекшісі (Қостанай).
Солистер:
- Г. Абдулина - ҚР Еңбек сіңірген қайраткері
- М. Қадіров - Мәдениет саласының үздігі
- Г. Үмбетова - Мәдениет саласының үздігі
- Т. Молдағалиев - Халықаралық және республикалық байқаулардың лауреаты
- DosStar - вокалдық тобы
- Әсем Сембина - Халықаралық және республикалық байқаулардың лауреаты, (Astana opera) солисі.
Билет қайтару шарттары: танысу