rebranding

Махаббат әні

Үлкен зал
8 наурыз 18.00

«Махаббат әні» мерекелік концерті

«Астана Опера» театрының Үлкен залында «Махаббат әні» атты Халықаралық әйелдер күніне арналған мерекелік концерт өтеді.

Театрдың опера солистері, хоры мен оркестрі әлемдік опера классикасынан ең жарқын да құштарлыққа толы лирикалық әрі жүректен түрлі ой салар арияларды, сонымен қатар қазақ, орыс, неаполитандық әндер мен романстарды орындайды. Концертке балет әртістері де қатысады.

Сүйкімді жандарға махаббат сезімі: Ж. Бизенің «Кармен» операсынан Эскамильо шумақтары, С. Гастольдонидің «Тыйым салынған әуені», Ж. Массненің «Севильянасы», М. Төлебаевтің «Біржан – Сара» операсынан Біржана мен Сараның және Л. Делибтің «Лакме» операсынан Лакме мен Маликаның дуэттері, сонымен қатар Ф. Легардың «Күлкі әлемі» опереттасынан Су-Чонгтың ариясы, С. Смирновтың «Бесік жыры», Естайдың «Құсни Қорлан», М. Ержановтың «Қуанамын» әндері арқылы білдіріледі.

В.А. Моцарттың «Сиқырлы флейта» операсынан Папагено мен Папагенаның әзілқой дуэті, Дж. Вердидің «Риголетто» операсынан Герцогтың әйгілі әні, көктем әндеріне және неаполитандық – «Тарантелла», «Маританна», «Скажите девушки», «Гордая прелесть осанки», «Влюблённый солдат» әндеріне жасалынған попуррилер көрермендердің көңіл-күйін әбден көтереді.

Кештің бағдарламасын балет әртістері де өз шеберлігімен әсерлендіре түседі. Олардың орындауындағы «Баядерка» балетінен Үнді биі, Дж. Вильямстың «Жоғалған жұмағы» сияқты номірлер көрермендерді шаттыққа бөлейді.

Сахнаға «Астана Опера» театрының опера және балет жетекші солистері шығады.

Дирижерлар – Қазақстанның еңбек сіңірген қайраткері Айдар Әбжаханов, Арман Оразғалиев.

Бұл айрықша музыкалық шоу – көктем мерекесіне орай сүйікті аруларға лайықты керемет сыйлық.

 

Ұзақтығы – 1 сағат 30 минут

 

Дирекция өзіне орындалатын шығармаларды ауыстыру құқығын қалдырады