rebranding

ХХ ғасырдағы камералық музыка

2017 / 2018              Камералық зал                V маусым

1 тамыз * сәрсенбі * 19.00

Концерт

«ХХ ғасырдағы камералық музыка»

2018 жылы 1 тамыз күні «ХХ ғасырдағы камералық музыка» концерті өтеді. Бағдарламада А.Шёнберг, Д.Шостакович, Х.Сетековтың шығармалары бар.

Өткен ғасыр композиторларының классикаға айналған туындыларын музыканттар жаңа қырынан ұсынбақ.

Өзіне дейінгі дәуірлердің музыка тілінен түбегейлі алыс ХХ ғасырдың музыка артықшылығы Арнольд Шёнбергтің есімімен тығыз байланыста. Жұртшылық назарын өзіне аударған Шёнбергтің алғашқы шығармасы «Просветленная ночь» (ор.4) ішекті аспаптар секстеті болды.

Дмитрий Шостаковичтың Фортепианолық квинтеті алпыс жыл көлемінде ең үздік туындысы ғана емес, тұтастай ХХ ғасырдың музыкалық әдебиетіндегі осы жанрдың көрнекті шығармасы болып қала бермек.

Қазіргі заман композиторы Хабибулла Сетековтың өткен ғасырдың 80-жылдар ортасында жазылған Ішекті аспаптар квартеті қазақстандық музыканттардың репертуарына әбден сіңіп кеткен.

«ХХ ғасырдағы камералық музыка» концерті өткен күнге саяхат қана емес, сондай-ақ қалыптасқан шебер орындаушылар мен шетелде оқып жатқан қазақстандық студенттердің шығармашылық тілдесуі болып табылады.

 

ҚАТЫСУШЫЛАР:

Бағдат Әбілханов (скрипка)

Қаламқас Жұмабаева (скрипка)

Жанна Семченкова (скрипка, Мәскеу)

Павел Романенко (альт, Мәскеу)

Думан Жамалқожа (альт, Новосібір)

Курванжан Ахатов (виолончель)

Ажар Қадырова (виолончель, Мәскеу)

Динара Сартай (фортепиано)

 

БАҒДАРЛАМА:

Х.Сетеков. Ішекті аспаптар квартеті

А.Шёнберг. «Просветлённая ночь» ішекті аспаптар секстеті (ор.4)

Д.Шостакович. Фортепианолық квинтет, соль минор, шығ.57