Scorpions в Алматы

«Ән – халықтың ажары»

Концерт

«Ән – халықтың ажары»

(әлем халықтарының әндері)

Камералық залда «Астана Опера» театрының солистері – халықаралық байқаулардың лауреаттары Роза Нүркей (сопрано), Гүлжанат Сапақова (меццо-сопрано), Рамзат Балакишиев (тенор) және Қазақстанның еңбек сіңірген қайраткері Жанат Шыбықбаевтың (баритон) қатысуымен «Ән халықтың ажары» атты концерт өтеді.

Ән – кез келген халықтың әдет-ғұрпын, тіпті тарихын көрсететін мәдениетінің ажырамас бөлігі. Барлығына ортақ музыка тілі елдерді жақындатады және бейтаныс ұлттық өнерді зерттеп, сүюге көмектеседі.

Концерт бағдарламасында әзербайжан, грузин, тәжік, түркімен, неміс, башқұрт, қазақ, орыс әндері, сонымен қатар ұлттық композиторлардың оперетталары мен операларынан романстар, дуэттер орындалады.

Фортепиано партиясында – Меруерт Жекенова, Ирина Кургузкина.

 

Ұзақтығы – 1 сағат 30 минут