rebranding

ҰЙҒЫР МҰҚАМЫНЫҢ САРЫНЫ

2017/2018            Камералық зал            V маусым

18 мамыр * жұма * 19.00

Қазақстан композиторларының туындыларынан құралған концерт

«ҰЙҒЫР МҰҚАМЫНЫҢ САРЫНЫ»

(Құддыс Қожамияровтың 100 жылдығына орай)

«Ұйғыр мұқамының сарыны» концертінде КСРО Халық әртісі, кеңестік және қазақстандық композитор, педагог, қоғам қайраткері, кәсіби ұйғыр музыкасының негізін салушы Құддыс Қожамияровтың шәкірттері – Қазақстан композиторларының (Б.Қыдырбек, Б.Баяхунов, Х.Сетеков, С.Әбдінұров, Ә.Әбдінұров) туындылары шырқалады. Биыл республикамыздың музыкалық қауымдастығы Қ.Қожамияровтың 100 жылдығын атап өтпек.

Қ.Қожамияров (1918-1994) Алматы консерваториясын тамамдап, Мәскеу консерваториясында тағылымдамадан өткен (профессор В.Я.Шебалин сыныбы).

Ұзақ шығармашылық жолында Қ.Қожамияров өзін керемет басшы әрі қоғам қайраткері ретінде көрсете білді. Қазақ радиосының көркемдік жетекшісі (1952), Құрманғазы атындағы Алматы консерваториясының ректоры болды. Консерваторияның профессоры және композиция кафедрасының меңгерушісі бола тұра (1953-1994), қазақстандық сазгерлердің біртұтас саңлақтарын тәрбиелеп шығарды.

 

КОНЦЕРТ ҚАТЫСУШЫЛАРЫ:

Бибігүл Жанұзақ, Қазақстанның еңбек сіңірген қайраткері (сопрано)

 

Халықаралық байқаулардың лауреаттары:

Куат Багисбеков (тенор)

Курванжан Ахатов (виолончель)

Дамиля Махпирова (гобой)

 

«АСТАНА ОПЕРА» КАМЕРАЛЫҚ ОРКЕСТРІ.

Дирижер – Руслан Баймурзин

 

 

БАҒДАРЛАМАДА:

Қ.Қожамияров.

«Ішекті аспаптар оркестріне арналған музыка»

Виолончельге арналған концерт (екі бөлімді)

«Бу Ахшам» әні (Б.Қыдырбектің өңдеуі)

«Назугум» операсынан Назугумнің ариясы (камералық оркестрге арналған Х.Сетековтың өңдеуі)

Б.Қыдырбек. «Қалқаман – Мамыр» операсынан Қалқаманның ариясы

Х.Сетеков.

Гобой мен оркестрге арналған концерт, 1 бөлім

«Скерцо»

С.Әбдінұров. «Байдыбек»

А.Мұхитдинов. Концертино

 

 

Ұзақтығы – 1 сағат 20 минут

 

Дирекция өзіне орындаушылар мен орындалатын шығармаларды ауыстыру құқығын қалдырады