Scorpions в Алматы

Камералық залдың ІV концерттік маусымының АШЫЛУЫ

Камералық залдың ІV концерттік маусымының

АШЫЛУЫ

2016 жылдың 7 қыркүйегінде «Астана Опера» театрының Камералық залы өзінің ІV концерттік маусымын ашады. Жаңа театр маусымының аясында тыңдармандарды қызықты да мәнді бағдарламалар күтуде.

Концерттік маусым ашылуына арналған кеште танымал қазақстандық музыкант Эльдар Сапараевтың жетекшілігіндегі «Астана Опера» Камералық оркестрі өнер көрсетеді.

Эльдар САПАРАЕВ Цюрихтегі Жоғарғы музыка мектебін үздік бітірген (Швейцария) және Швейцария, Хорватия, Италия, Германияда өткен халықаралық байқаулардың бірінші сыйлық иегері.

Тонхалле (Цюрих), Лисинский зал (Загреб), Теatro La Felice (Венеция), Берлин филармониясы, Уолт Дисней-холл (Лос-Анджелес) сияқты және басқа да беделді концерттік залдарда өнер көрсеткен.

Бүгінгі күнде Эльдар Сапараев Германияның Оңтүстік-батыс филармониялық оркестрінің концертмейстері және әйгілі Philharmonische Cellisten Koln виолончель секстетінің құрамына кіреді. Шақырылған концертмейстер әрі солист ретінде Берлин, Цюрих камералық оркестрлерімен, Мюнхен операсы, Мюнхен радиосы, Штутгарттағы Бах атындағы академия оркестрлерімен өнер көрсеткен.

Солист ретінде концертке халықаралық байқаулардың лауреаты, пианист Әлібек ӘЛПИЕВ қатысады.

Бағдарламада:

В.А. Моцарт. №4 симфония, ре мажор, К.19

И.С. Бах. Клавирлік концерт, ре минор, BWV 1052

Ф. Шуберт. №5 симфония, си-бемоль мажор, D.485

Концертке қатысушылар:

Солист – Әлібек Әлпиев (фортепиано)

«Астана Опера» Камералық оркестрі

Дирижер – Эльдар Сапараев (Швейцария)

 

Жүргізуші – Маржан Жәкенова

 

Ұзақтығы – 1 сағат 30 минут

 

Дирекция өзіне орындаушылар мен орындалатын шығармаларды ауыстыру құқығын қалдырады