Құрманғазы оркестрінің маусымдық ашылуы
Құрманғазы атындағы Қазақ мемлекеттік академиялық халық аспаптары оркестрінің 85-ші концерттік маусымының ашылуы
1934 жылы құрылған Құрманғазы атындағы қазақ оркестрі 28 қараша күні өзінің 85-ші концерттік маусымын ашады.
Төл шығармалар мен қатар әлемнің классикалық композиторларының ең үздік жарқын туындыларын әлем сахналарында үлкен шеберлікпен орындап жүрген өнер ұжымы көрермен қауымға жаңа концерттік бағдарлама ұсынады.
85-ші концертік маусымның жаңа бағдарламасында қазақ эстрадасының танымал тұлғалары қазақ әндерін, оркестрмен өңделген заманауи шығармаларды орындайды.
Кеш қонақтары: Роза Рымбаева, Алтынбек Қоразбаев, Сәкен Майғазиев, Асылбек Еңсепов, Батыржан Мықтыбаев, Бақыт Тұрман, «Заман» тобы. Оркестрдің бас дирижері Абылай Тілепберген.
Байланыс үшін: +77076126047.
Достармен бөліс
Келесі оқиғалар сізге қызық болуы мүмкін:


