Jullien Dassin

«Eurasian Dance Festival» ІІ Халықаралық балет өнері фестивалінің аясында труппа - театрдың дүниежүзіндегі айнымас қолтаңбасына айналған «Сары өзеннен өмір өлеңіне» бағдарламасын паш етпек.

29 маусымда «Астана Балет» театрының сахнасында Астананың 20 жылдығына орай атқарылатын мерекелік шаралардың шеңберінде, Қазақстанда тұңғыш рет Қытай Ұлттық балеті (Бейжің) өнер көрсетеді.

«Eurasian Dance Festival» ІІ Халықаралық балет өнері фестивалінің аясында труппа - театрдың дүниежүзіндегі айнымас қолтаңбасына айналған «Сары өзеннен өмір өлеңіне» бағдарламасын паш етпек.

Қытайдың алғашқы әрі ең көне кәсіби труппасының жарты ғасырдан астам тарихы бар. Ұжымның негізі 1958 жылы қаланған деп есептеледі. Нақ сол жылы П.А.Гусев қойған «Аққу көлі» спектаклі сахналанған болатын. 1980-ші жылдардан бастап труппа репертуары әлемнің жетекші хореографтарының туындыларымен толығып отырды. Театр – қытай хореографтары мен композиторларының Ұлттық балет труппасына арнайы шығарған ұлттық тақырыптағы бірегей балеттерімен әйгілі.