rebranding

Т. ӘБДІРАШЕВ АТЫНДАҒЫ ҚР МЕМЛЕКЕТТІК АКАДЕМИЯЛЫҚ СИМФОНИЯЛЫҚ ОРКЕСТРІ Астана қаласында

Автор: Жамбыл атындағы Қазақ мемлекеттік филармониясы
Т. ӘБДІРАШЕВ АТЫНДАҒЫ ҚР МЕМЛЕКЕТТІК АКАДЕМИЯЛЫҚ СИМФОНИЯЛЫҚ ОРКЕСТРІ

Өтетін орыны: Астана қ., «QAZAQSTAN» орталық концерт залы, Мәңгілік ел, 10/1 

Өтетін күні: 9 желтоқсан 2022 жыл

Өтетін уақыты: 19:00

Әртістер: Т. ӘБДІРАШЕВ АТЫНДАҒЫ ҚР МЕМЛЕКЕТТІК АКАДЕМИЯЛЫҚ СИМФОНИЯЛЫҚ ОРКЕСТРІ

Көркемдік жетекшісі және бас дирижері: Қанат Омаров

Солист: Ержан Кулибаев

Концерт «Тұран» этно-фольклорлық ансамблінің қатысуымен өтеді

Жанр:Классикалық музыка

Жас санаты: 6+

Қосымша:

 

 

Жарқыл, күш, әдемілік және виртуоздық – дәл осы сөздермен жетекші виртуоз скрипкашы Ержан Кулибаевтың ойынын сипаттауға болады!

Испаниядағы София патшайымның жоғары мектебінің түлегі ретінде ол Аргентина, Польша, Румыния, Германия, Ресей және басқа да көптеген елдердегі халықаралық байқаулардың лауреаты атанды

Бір кездері Алматыдағы Күләш Байсейітова атындағы республикалық дарынды балаларға арналған мамандандырылған арнайы музыкалық мектепте өз жолын бастаған ол, бала кезінен тосқауылдар мен қиындықтар арқылы өзінің шеберлігін жетілдіріп, орындаушылықтың жоғары деңгейіне жетті! Бұл табандылықтың, мақсаткерліктің және өз кәсібіне деген сүйіспеншілігінің көрінісі! Студенттік кезде ол тіпті Испания патшайымы – Софияның қолынан өзінің ұстазы Захар Бронның ең үздік оқушысы ретінде құрмет грамотасымен марапатталды.

Жуырда 9 желтоқсан күні отандасымыз «QAZAQSTAN» орталық концерт залының сахнасында Т.Әбдірашев атындағы ҚР Мемлекеттік академиялық симфониялық оркестрімен бірігіп өнер көрсетеді! Жіберіп алмаңыздар!

Сіздер үшін Финляндия мәдениетінің ірі өкілі, композитор, еуропалық музыка шебері Ян Сибелиустың шығармашылық мұрасы шырқалады. Композитордың «Скрипка мен оркестрге арналған концерті» - ең үздік туындыларының бірі. Бұл фин данышпанының ең танымал және сүйікті шығармасы!

Т. ӘБДІРАШЕВ АТЫНДАҒЫ ҚР МЕМЛЕКЕТТІК АКАДЕМИЯЛЫҚ СИМФОНИЯЛЫҚ ОРКЕСТРІ

Көркемдік жетекшісі және бас дирижері:

 Қанат Омаров

Солист:

Ержан Кулибаев

Бағдарламада:

Я. Сибелиус. Оркестр мен скрипкаға арналған ре минор концерті, ор. 47

А. Райымқұлова. «Дала сыры» симфониялық поэмасы

С. Рахманинов. № 2 Симфония, ми минор ор. 27