Jullien Dassin

П.Масканьи «Сельская честь» Р. Леонкавалло «Паяцы» бір бөлімді опера спектакльдері

АБАЙ атындағы МАОБТ ГАСТРОЛІ

2019 жылғы 5 шілде

Пьетро Масканьидің  «Сельская честь»,

Руджеро Леонкаваллоның «Паяцы»

бір бөлімді опералары

Абай атындағы МАОБТ-дағы премьерасы 2018 жылы өтті

 

Қоюшы дирижер – Асқар БӨРІБАЕВ, Қазақстанның еңбек сіңірген қайраткері

Дирижер – Ерболат АХМЕДИЯРОВ

Бас режиссер – Лоренцо МАРИАНИ (Италия)

Режиссер – Ләйлім ИМАНҒАЗИНА, Қазақстанның еңбек сіңірген қайраткері

Қоюшы суретші – Вильям ОРЛАНДИ (Италия)

Қоюшы балетмейстер – Лучиано КАННИТО (Италия)

Жарық бойынша суретші – Роберто ВЕНТУРИ (Италия)

Хормейстер – Әлия ТЕМІРБЕКОВА, Абай атындағы МАОБТ бас хормейстері

Режиссердің ассистенттері – Наталья СТАНКОВИЧ, Шерхан ГУРКАН (Италия)

 

Абай атындағы МАОБТ балет, хор және оркестр әртістері

 

ХІХ ғасырдың 70-жылдарының соңында Италияда шыншылдықты ұран етіп, өмірдің ащы ақиқаты мен арманшыл көріністерін қоса көрсете білген жаңа шығармашылық бағыт пайда болады. Веризм ағымының жазушылары үшін басты әдеби жанр – новелла танылып, оның негізінде – көңілсіз, қуанышсыз өмір сүруге душар болған адам тұрған.

Музыкалық веризмнің ең жарқын үлгілері – итальяндық композиторлар Пьетро Масканьидің «Сельская честь» және Руджеро Леонкаваллоның «Паяцы» опералары саналады. Жазушылардың шығармашылық тәжірибесіне сүйене отырып, верист-композиторлар да өмірдің шынайы болмысына бет бұрған.

Қос опера да қысқа бір бөлімді үлгіде жазылған. Композиторлар кейіпкерлердің жеке басындағы шиеленістеріне назар аударып, оларды қандай да бір астарсыз әңгімелеген және «ашық, еселете» еш бұрмалаусыз жеткізген.

Пьетро Масканьи

«СЕЛЬСКАЯ ЧЕСТЬ»

Бір бөлімді драма

 

«Сельская честь» операсы 1890 жылы Римде жазылып, өзінің шығарушысына әлемдік танымалдылық әкелген. Операның итальян тіліндегі «Cavalleria rusticana» атауы «Сельская честь» деп аударылған. Бұдан аяусыз мысқылды да көруге болады, себебі операны тыңдай отырып, әрбір көрермен барша кейіпкер қылығының қаншалықты абыройсыз екеніне куә болады. Ал Пьетро Масканьидің өзі әдеби дереккөз – Джованни Верганың новелласымен жұмыс жасай отырып, операның музыкалық материалында кейіпкерлердің мінез-құлқын жұмсартып, игілендірген.

 

БАСТЫ КЕЙІПКЕРЛЕР:

Сантуцца – Гүлзат ДАУРБАЕВА, Қазақстанның еңбек сіңірген қайраткері

Туридду – Нуржан БАЖЕКЕНОВ

Лючия  – Елена НИКОНОВА

Альфио – Евгений ШАГАРОВ

Лола – Оксана ДАВЫДЕНКО

 

 

  •  

 

Руджеро Леонкавалло

«ПАЯЦЫ»

Екі бөлімді драма

 

«Паяцы» – опералық веризмнің классикалық үлгісіне айналған опералардың бірі. Операның мазмұны композитор бала күнінен есінде сақтаған шынайы оқиғаға сүйенеді.

Шындықтан қашып, жөн-жосықсыз рөлдерді сомдайтын, ал ақиқатқа тап болған кезде өздерінің мүсәпірлігін байқамау үшін мән-мағынасыз күйін қайта жалғастыратын күлдіргі кезбе актерлердің өмірін бейнелейтін музыканы жасау сол уақыттағы ешбір композитордың қолынан келмеген.

Абай атындағы Мемлекеттік академиялық опера және балет театры сахнасындағы «Сельская честь» және «Паяцы»  бір бөлімді операларының премьерасы 2018 жылы өтті. Спектакльдердің қойылымына Италиядан шақырылған шығармашылық топ: қоюшы режиссер – Лоренцо Мариани, сценограф, костюмдер бойынша суретші – Вильям Орланди, жарық бойынша суретші – Роберто Вентури, хореограф – Лучиано Каннито.

 

БАСТЫ КЕЙІПКЕРЛЕР:

Канио – Балуан БЕРКЕНОВ

Недда – Зарина АЛТЫНБАЕВА

Тонио – Александр СМЕТАНИН

Беппо – Дархан ЖОЛДЫБАЕВ

Сильвио – Андрей ТРЕГУБЕНКО, Қазақстанның еңбек сіңірген қайраткері