Jullien Dassin

«SAZ&SOUL» концерті

Өтетін орны: Астана қ., Мәңгілік ел, 10/1, «QAZAQSTAN» ОКЗ 

Өтетін күні: 2022 жылғы 28 желтоқсан

Басталуы: 19:00

Тұрақ: бар

Жас шектеуі: 7+

Қосымша:

 

 

 

 

 

Құрметті көрермендер! Осы жылдың басты оқиғасын жіберіп алмаңыздар!  

«Роза Бағланова атындағы «Қазақконцерт» мемлекеттік концерттік ұйымы «Жұлдызды Жаңа жыл» фестивалі аясында «SAZ&SOUL» вокалды-инструментальды ансамблінің мерекелік концертін ұсынады. Танымал шығармашылық ұжым 28 желтоқсан сағ.19:00-де «Qazaqstan» орталық концерт залында өнер көрсетеді.   

Ансамбль мүшелері мерекелік кештің шымылдығын «Шелкунчик» балетінің музыкасымен ашады. Іс-шара барысында «Jingle Bells», «Let It Snow» сынды жаңа жылдық хит әндер, «Джентельмены удачи», «Карнавальная ночь» фильмдеріндегі, балаларға арналған, қазақ, орыс, ағылшын тілдеріндегі, әлемдік және отандық джаз музыкасының жауһарлары орындалады.

Іс-шараға «Қазақконцерттің» солистері қатысады: Айжан Нұрмағамбетова, Жанна Орынбасарова, Әлібек Әлмәдиев, Салтанат Меңдіғалиева, Мәди Сыздықов, Гүлсім Мырзабекова, Гүлнәр Көшенова, Дидар Әбдухалық, T&Y және «Гүлдер» ансамблі қатысады.

«Saz&soul» тобы ел-жұртқа әртүрлі музыкалық жанрдағы композицияларымен жақсы таныс. Шығармашылық ұжымның құрамында кәсіби әнші Зарина Божакова, Болат Турабеков (ұрмалы аспап), Самғар Толқынханұлы (баян), Ерболат Адилов (гитара), Азамат Темірбаев (бас-гитара), Аслан Қуатов (пернелі аспап), композитор әрі топтың көркемдік жетекшісі Әділжан Толықпаев бар. Музыкалық ұжым халық әндері, заманауи әндердің ерекше каверлері мен жаңа авторлық шығармаларды жиі орындап жүр. Топтың репертуарындағы «Керім-ау айдай», «Дударай», «Саржайлау», «Ақ дариға», «Сырғалым», «Көзіңнен айналайын», «Сыр сылуы» және т.б. әндерді жұртшылық жылы қабылдады.