rebranding

2017 / 2018           Камералық зал                      V маусым

1 маусым * жұма * 16.00 (орысша)

Халықаралық балаларды қорғау күніне

«Алғашқы мерейтойымыз»

(«Астана Опера» Балалар театралдық студиясына – 5 жыл)

2013 жылы ашылған «Астана Опера» театрының Балалар театралдық студиясы өзінің алғашқы мерейтойын атап өтпек. Жас әншілер мен бишілер ересек әртістермен бірге концерттік бағдарламаларға, спектакльдерге қатысады, тіпті гастрольдік сапарларға да шығады. Студияда өнерге деген қызығушылығы мол, сахналық дарыны мен музыкалық қабілеті бар балалар білім алуда. Студияның ең жас қатысушысылары бүгінде 7 жаста. Ал студияның алғашқы түлектері Қазақстанның, алыс-жақын шетелдің жоғары оқу орындарында білім алуда.

Көрермендер Дж.Пуччинидің «Богема» мен «Тоска», сондай-ақ Е.Брусиловскийдің «Қыз Жібек», М.Төлебаевтың «Біржан – Сара», А.Жұбанов пен Л.Хамидидің «Абай» операларынан хор студиясының тәрбиеленушілерін көре алады, ал балет студиясының жеткіншектері «Дон Кихот» қойылымында аты аңызға айналған миландық Ла Скала театры әртістерімен бірге бір сахнада өнер көрсетті.

Мерейтойлық концерт бағдарламасында хор әрі балет студиясының жеке және ұжымдық нөмірлері ұсынылатын болады.

Хор студиясының жетекшісі – Алтынғаным Ахметова, балет жетекшісі – Әмина Әлиева. Балаларға арналған жобалардың режиссері – Наталья Кагадий.

 

 

Ұзақтығы – 1 сағат 15 минут