Jullien Dassin

Музыканың ғажап сиқыры

Музыка күніне арналған концерт

«Музыканың ғажап сиқыры»

Музыка күні – композиторлар, әншілер мен аспапшылардың кәсіби мерекесі. Сонымен бірге музыкаға құмар барша жандар мен оны бағалаушылардың мейрамы. Жыл сайын әлем бойынша үлкен концерттік бағдарламалармен аталып өтуде.

Музыка бағзы заманнан адамзаттың серігі болып келеді. Адамның туған сәтінен бастап анасының бесік жырымен тербетеді және өмірінің ақтық сапарында жоқтаушылардың зарымен немесе Шопеннің «Қаралы маршының» азалы үнімен шығарып салады. Музыка – сезімді білдірудегі уақыт пен тілдік тосқауылы жоқ әлемге ортақ құрал. Ол камералық зал мен отыз мыңдық Арена ди Верона тыңдаушыларының жүректерін бір тыныста соғып, қуанып-қайғыруға мәжбүрлей отыра, оңай біріктіре алады. Адамдарға көне музыка да, асқақ классика да, эстрада мен авторлық ән де бірдей қажет, сондықтан 1 қазан күні, біз музыка шығарушы әрі орындаушылардың барлығын шын жүректен құттықтаймыз.

Жаңа маусымда «Астана Опера» театры Камералық залының қонақтарын қызықты әрі қанық музыкалық бағдарламалар күтуде. «Музыканың ғажап сиқыры» концертінде классика жауһарларын орындайтын театрдың жетекші опера солистері көрерменге жақсы көңіл-күй сыйлайды.

Орындаушылар:

Жаннат Бақтай, Қазақстанның еңбек сіңірген әртісі(сопрано)

Салтанат Ахметова, Қазақстанның еңбек сіңірген қайраткері (сопрано)

Альфия Каримова,Башқұртстанның еңбек сіңірген әртісі (сопрано)

Жан Тапин, Қазақстанның еңбек сіңірген қайраткері (тенор)

Сүндет Байғожин, Қазақстанның еңбек сіңірген қайраткері (баритон)

Евгений Чайников (баритон)

Фортепиано партиясында – ҚР «Мәдениет қайраткері» Елена Сахно.

 

Ұзақтығы – 1 сағат 30 минут

Дирекция өзіне орындаушылар мен орындалатын шығармаларды ауыстыру құқығын қалдырады