rebranding

Музыкалық қиылыс

2019/2020            Камералық зал            VIІ маусым

13 қаңтар * дүйсенбі * 19.00

 

«Музыкалық қиылыс»

топтамасы

Кеш қонағы – Эрнис АСАНАЛИЕВ, Қырғызстанның Халық әртісі

 

13 қаңтар күні сағат 19.00-де көпшіліктің көңілінен шыққан «Музыкалық қиылыс» топтамасынан кезекті концерт өтпек.

«Астана Опера» симфониялық оркестрінің солисі әрі концертмейстері, Қазақстанның еңбек сіңірген қайраткері Бағдат Әбілханов жаңа жылдың алғашқы күндері Камералық зал сахнасына өзінің достарын – танымал қазақстандық музыканттарды шақырады. Концерттің қонағы ретінде «Астана Опера» Камералық залында алғаш рет біздің әртістерімізбен бірге әйгілі скрипкашы – Қырғызстанның Халық әртісі Эрнис Асаналиев өнер көрсетеді.

Дарынды қазақстандық музыканттар түрлі елдерден шақырылған әртістермен бірге нағыз ансамбльдік орындаушылық өнерін паш етіп, тыңдарман қауымға керемет көңіл-күй сыйламақ.

 

 

Орындаушылар:

Эрнис АСАНАЛИЕВ, Қырғызстанның Халық әртісі (скрипка)

Бағдат ӘБІЛХАНОВ, Қазақстанның еңбек сіңірген қайраткері (скрипка)

Айсұлу БАЙКЕНОВА (скрипка)

Евгения КАРИМОВА (скрипка)

Ермек ҚҰРМАНАЕВ (виолончель)

Анара КАМЕЛЬИНОВА (фортепиано)

 

 

«Астана Опера» Камералық оркестрі

 

Концерт жүргізушісі – Сәуле МӘУЛЕТОВА

 

 

Ұзақтығы – 1 сағат 30 минут

 

Дирекция орындалатын шығармаларды ауыстыру құқығын өзіне қалдырады