rebranding

МУЗЫКА БЕЙНЕЛЕЙДІ ЖӘНЕ СУРЕТТЕЙДІ

2019 / 2020                    Камералық зал            VІI маусым

15 қыркүйек * жексенбі * 12.00 (орысша)

 

БАЛАЛАРҒА АРНАЛҒАН КОНЦЕРТ

(«Театрға саяхат» циклінен)

 

«МУЗЫКА БЕЙНЕЛЕЙДІ ЖӘНЕ ӘҢГІМЕЛЕЙДІ»

(орыс тілінде)

«Астана Опера» театры өзінің жас көрермендеріне «Театрға саяхат» циклінен «Музыка бейнелейді және әңгімелейді» атты жаңа музыкалық жобасын ұсынады.

Балаға эстетикалық талғамда тәрбие беріп, жағымды классикалық музыкаға үйретуді балалық шақтан бастаған жөн. Балалар дыбыстың көмегімен «салынған» қиял-ғажайып көріністерді оңай қабылдауға мүмкіндік алады.

Аталған концертте классик композиторлардың бейнелегіш бастауы айқын шығармалары шырқалады, олар: Н.Римский-Корсаковтың «Араның ұшуы», М.Мусоргскийдің «Қызылшақа балапандардың биі», Е.Брусиловскийдің «Піл мен Моська» және т.б.

Музыкатанушылар кішкентай көрермендерге аспаптардың мүмкіндіктері туралы, композиторлар өздерінің «суреттерін» қандай музыкалық бояулармен салатыны туралы қызықты әңгімелеп береді.

Алғаш рет! Концерт экран арқылы құммен салынатын суреттермен сүйемелденетін болады.

 

Концертке «Астана Опера» театрының опера солистері, оркестр әртістері және камералық оркестр қатысады. Дирижер – Руслан Баймурзин.

 

Жүргізуші – Маржан Жәкенова

 

Ұзақтығы – 50 минут