rebranding

Мәңгілік музыка

«Мәңгілік музыка»

көне вокалдық музыка кеші

«Астана Опера» Камералық залында «Мәңгілік музыка» концерті өтеді.

Көне музыка термині бароккомен қоса XVIII ғасырға дейінгі дәуір музыкасын қамтиды. Көне зиялы музыка шығармалары өте көп сақталған. Барокко дәуірінде музыкалық жанрлар кеңістігі кеңейіп, әдеттегі дауыстармен бірге ерекше ер дауысы – контратенор енген опера тәрізді шығарма түрі пайда болды.

Контратенор – ХVI-ХVII ғасырларда шіркеу музыкасында кеңінен таралған жоғары ерлер дауысы. ХХ ғасырда, «аутентикалық» (түпнұсқалық) орындау стилін үгіттеген көне музыка ансамбльдерінің кеңінен таралуына байланысты, бұл дауыс қайта дами бастайды.

Заманауи ірі контратенор әншілер арасында – ағылшындық А. Деллер, П. Эсвуд және Дж. Боуман; АҚШ-тан Д. Галл, Германиядан Й. Ковальски, сонымен қатар, қазақстандық әнші Ерік Құрманғалиевті (1959-2007) атауға болады.

Концертке қатысушылар:

Елена Низамутдинова (сопрано)

Тимур Низамеев (контратенор)

Александра Егорова (фортепиано)

 

«Астана Опера» ішекті триосы

 

Жүргізуші – Маржан Жәкенова

 

Ұзақтығы – 1 сағат 30 минут

 

Дирекция өзіне орындаушылар мен орындалатын шығармаларды ауыстыру құқығын қалдырады