rebranding

Мәңгі өшпес музыка

2018 / 2019               Үлкен зал                 VI маусым

8 қараша * бейсенбі * 19.00

Симфониялық концерт

«Мәңгі өшпес музыка»

«Астана Опера» театрының Үлкен залында П.Чайковский, М.Брух, Т.Қажығалиевтың туындылары шырқалатын симфониялық музыка кеші өтеді.

«Астана Опера» симфониялық оркестрімен өнер көрсету үшін солист, дирижер ретінде әйгілі музыканттарды шақыру тамаша дәстүрге айналған. Әр кездері театр оркестріне Зубин Мета, Валерий Гергиев, Пласидо Доминго, Марко Боэми, Ренат Салаватов, Владимир Кираджиев, Давид Герингас, Джузеппе Аквавива, Юджин Кон сынды әлемге әйгілі музыканттар дирижерлік еткен.

Жоғары кәсіби деңгейімен ерекшеленетін «Астана Опера» симфониялық оркестрі тыңдармандарды бірегей бағдарламаларымен тамсандырып, қуантуда.

«Мәңгі өшпес музыка» концертінде театрдың симфониялық оркестрі Ресейдің еңбек сіңірген әртісі Александр Титовтың жетекшілігімен өнер көрсететін болады.

 

Александр Титов – пианист, хор және симфония дирижері ретінде Н.А.Римский-Корсаков атындағы Ленинград мемлекеттік консерваториясын тамамдаған (Илья Мусин сыныбы). Тэнглвуд музыкалық орталығында тағылымдамадан өткен (АҚШ).

1988 жылы Токиодағы халықаралық дирижерлер байқауының лауреаты атанады. Г.Рождественский мен М.Ростроповичтың дирижёр-ассистенті, сондай-ақ Мариин театры, Ресейдің Үлкен театры мен Би-Би-Си Шотландия симфониялық оркестрінің шақырылған дирижері болды. Ла Скала, Ла Фениче, Метрополитен-опера, Сан-Франциско Опера, Ковент-Гарден және Бастилия Опера театрларында өнер көрсеткен.

2007 жылы Петербор мемлекеттік академиялық симфониялық оркестріне жетекшілік еткен. «Звезды белых ночей», «От авангарда до наших дней», «Петербургская музыкальная весна» фестивальдері, «Мариинский» балет фестивалінің тұрақты қатысушысы. 80-нен астам күйтабақтар жазған.

Петербор консерваториясының опера-симфониялық дирижерлеу кафедрасын басқарады. Ресейдің еңбек сіңірген әртісі, Санкт-Петербордағы «Алтын софит» жоғарғы театралдық сыйлығының лауреаты.

 

Бағдат Әбілханов (симфониялық оркестрдің солисі бірінші скрипка)

Құрманғазы атындағы Алматы мемлекеттік консерваториясын тамамдап (1998), Қазақ ұлттық музыка академиясында ассистентура-тағылымдамадан өткен (2001).

Ғ.Жұбанова атындағы Мемлекеттік ішекті аспаптар квартетінің бірінші скрипкасы (1997–2002).  

1999-2004 жылдары жазғы Вена музыка академиясында тағылымдамадан өтті, Л.Перози атындағы (Милан, 2005), Rovere d’Oro (Италия, 2005) халықаралық байқауларының қазылар мүшесі.

 

 

«СОЛИСТЕР АКАДЕМИЯСЫ» мемлекеттік камералық оркестрінің (2002–2007), К.Байсейітова атындағы Ұлттық опера және балет театры симфониялық оркестрінің (2007–2013) концертмейстері.

2013 жылдан бастап «Астана Опера» мемлекеттік опера және балет театры сифмониялық оркестрінің солисі – бірінші скрипкасы. Оркестрмен бірге АҚШ, Канада, Франция, Нидерланды, Италия, Венгрия, Бельгия, Ресей және т.б. елдердегі гастрольдік сапарларда өнер көрсетті. Солист ретінде белсенді концерттік қызмет жүргізеді. «Музыкалық қиылыс» шығармашылық жобасының авторы.

Оның марапаттарының ішінде Д.Шостакович атындағы халықаралық байқау (Мәскеу, 1999, 2001), В.Беллини атындағы халықаралық байқаудағы (Сицилия, 2000) лауреат атақтары бар. «Ерен еңбегі үшін» (2001) медалімен марапатталған, «Дарын» мемлекеттік жастар сыйлығының иегері (2004).

 

БАҒДАРЛАМА:

Т.Қажығалиев. «Дала аңызы» сюитасынан «Қыз қуу» симфониялық скерцосы

 

М.Брух. Оркестрмен скрипкаға арналған №1 концерт, соль минор, оp. 26

1-бөлім - Allegro moderato

2-бөлім - Adagio

3-бөлім - Allegro energico,

 

П.Чайковский. №4 симфония, фа минор, оp. 36

1-бөлім - Andante Sostenuto

2-бөлім - Andantino In Mode Di Canzone

3-бөлім - Scherzo. Allegro

4 бөлім - Finale. Allegro Con Fuoco

 

Орындаушылар:

Солист – Бағдат Әбілханов, Қазақстанның еңбек сіңірген қайраткері (скрипка)

 

«Астана Опера» симфониялық оркестрі

Дирижері – Александр Титов, Ресейдің еңбек сіңірген әртісі (Санкт-Петербор)

 

 

Ұзақтығы – 1 сағат 30 минут