Scorpions в Алматы

Латын Америкасының музыкасы

Цикл

«Қазақквартетпен әлемге саяхат»

(Латын Америкасының музыкасы)

2017 жылдың 30 сәуірінде белгілі музыка ұжымы – Ғазиза Жұбанова атындағы мемлекеттік ішекті квартетінің қатысуымен концерт өтеді.

Бұл Қазақстанның ғана емес, көптеген беделді халықаралық музыка байқауларының марапаттарына ие болып жүрген әлемнің ең үздік камералық ансамбльдерінің бірі. Ғ.Жұбанова атындағы квартет жоғары орындаушылық шеберлігімен, техникасының өрнектілігімен, тек талантпен ғана емес, көп еңбектенудің нәтижесімен келетін таза, әрі үйлесімді үнімен ерекше. 

Квартет «Астана Опера» театрының Камералық залында «Қазақквартетпен әлемге саяхат» кезеңінің аясындағы Латын Америкасы елдері композиторларының музыкасынан тұратын концерттік бағдарламасын ұсынады. Бірақ, әртістер қайда өнер көрсетсе де, концерттің бағдарламасы қандай болса да, міндетті түрде қазақ композиторларының да шығармаларын орындайды.

 

Бағдарлама:

А.Пьяцолла. «Tango ballet», «Esqualo»

Э.Вила-Лобос. Ішекті квартет №1 (1915) W 99

Т.Момбеков. «Салтанат»

 

Ішекті квартет құрамы:

Айдар Тоқталиев (1-ші скрипка)

Алексей Лебедев (2-ші скрипка)

Бекзат Сайлаубайұлы (альт)

Ернар Мыңтаев (виолончель)

 

Қазақстанның еңбек сіңірген қайраткері Алексей Ефременко (баян) қатысуымен

 

Көркемдік жетекшісі –

Қазақстанның еңбек сіңірген қайраткері Ернар Мыңтаев

 

Концерттің ұзақтығы – 1 сағат 30 минут

Дирекция өзіне орындаушылар мен орындалатын шығармаларды ауыстыру құқығын қалдырады