Өтетін орны: Ақтөбе қаласы, Т. Ахтанов көшесі, 52, Т. Ахтанов атындағы Ақтөбе облыстық драма театры
Автор: М. Мақатаев
Режиссёр: Мейрам Хабибуллин
Жанр: перфоманс
Ұзақтығы: 1 сағат 20 минут
Жас санаты: 12+
Қосымша:
Өлсе өлер Мұқағали Мақатаев, Өлтіре алмас алайда өлеңді ешкім! - деп ақынның өзі жырлағандай, өмірден өзі кетсе де оның өлеңі өшпей, ұрпақтан-ұрпаққа жалғасып келеді. Ақынның ғұмырлы поэзиясы бүгінде әнге айналып, көкке қалықтайды.
Мұқағали – қазақтың саңлағы,
Мұқағали – ән жырдың шаңырағы.
Шырқалғанда жырларың жаным толқып,
Жүдеу тартқан көңілім жадырады деп- оның сөзіне жазылған әндер бүгінгі таңда барша жұрттың жүрегінен берік орын алып, қуанышы мен қайғысын бөлісетін айнымас жан серігіне айналды.
Ақынды еске алу, оның өшпес көркем мұрасын жастарға насихаттау.