Скачай новое приложение Ticketon

«Моцарт. Дебюсси. Махамбет»

2018 / 2019 Камералық зал VІ маусым

27 қаңтар * жексенбі * 17.00

«Қазақконцерт шақырады» топтамасы

Концерт

«Моцарт. Дебюсси. Махамбет»

 

Ғазиза Жұбанова атындағы Мемлекеттік ішекті аспаптар квартеті елорда қонақтары мен өздерінің айнымас тыңдармандарын жаңа концерттік бағдарламамен қуантуда. Австриялық классик Вольфганг Амадей Моцарттың, француз импрессионизмінің керемет өкілі Клод Дебюссидің, сонымен қатар қазақ батыры, ақын әрі отаншыл Махамбет Өтемісұлының әсем де жасампаз музыкасы шырқалады.

В.А.Моцарт си-бемоль мажор №17 квартетін өзінің аға әріптесі, досы Йозеф Гайднға арнаған, оның әсері музыкадан айқын сезіледі. «Аңшылық» атауы – аң аулаудағы мүйіз керней дабылын еске түсіретін бірінші бөлімнің басты тақырыбымен байланысты.

Соль минор ішекті аспаптар квартетінде К.Дебюссидің Париж көрмесі концертінде индонезиялық «гамелан» оркестрінің орындауындағы музыкаға деген қызығушылығы көрініс тапқан. Сыншылар бұл шығармадағы бірегей әуенді, аспаптық әрі үйлесімді бейнелілік пен автордың ырғақ құрудағы тапқырлығын атап өткен.

«Жұмыр, Қылыш» күйінде жалынды патриот әрі күрескер, өткір ойлы, адамгершілікті ту еткен Махамбеттің батырлық болмысы жанды көрініс тапқан.

 

Бағдарлама:

 

Вольфганг Амадей Моцарт

Ішекті аспаптар квартеті №17 си-бемоль мажор «Аңшылық» KV458

1. Allegro vivace

2. Menuetto

3. Adagio

4. Allegro assai

 

Клод Дебюсси

Ішекті аспаптар квартеті соль минор, ор.10

 

Махамбет

«Жұмыр, Қылыш» (Г.Үзенбаеваның өңдеуі)

 

Ішекті аспаптар квартетінің құрамы:

Айдар Тоқталиев (1-ші скрипка)

Алексей Лебедев (2-ші скрипка)

Бекзат Сайлаубайұлы (альт)

Ернар Мыңтаев (виолончель)

 

Көркемдік жетекшісі – Қазақстанның еңбек сіңірген қайраткері

Ернар Мыңтаев

 

Концерттің ұзақтығы – 1 сағат 15 минут

 

Дирекция өзіне орындаушылар мен орындалатын шығармаларды ауыстыру құқығын