rebranding

Барокко дәуірінің құдіреті

2020 / 2021                    Мәрмәр залы               VIII маусым

10 наурыз * сәрсенбі * 19.00

 

 

Концерт

«Барокко құдіреті»

Театрдың Мәрмәр залында өтетін концерт бағдарламасына Барокко дәуірінің композиторлары – Г.Ф.Гендель, И.С.Бах және А.Вивальдидің туындылары енген.

 

Концерт қатысушылары сіздерге «әдеттен тыс» деп аталған алыс дәуірге музыкалық саяхат жасауды ұсынады. «Барокко» терминінің тағы бір мағынасы – «Қисық пішінді інжу». Қайта өрлеу дәуірінің үндестік, қарапайымдылық пен айқындық мұраттарының орнына күрделі, астарлы бейнелер мен пішіндер, сән-салтанат пен серпін келді. Барокко музыкасы жоғары эмоционалдық толықтығымен ерекшеленеді. Ол асқан шебер әншілер мен музыканттарға арналған – концертке дәл осындай әртістер қатысады.

 

Опера ариялары «Астана Опера» театрының жетекші солисі – Башқұртстан Республикасының еңбек сіңірген әртісі Альфия КАРИМОВАНЫҢ (сопрано) орындауында Камералық оркестрінің сүйемелдеуімен шырқалады.

Дирижер – Қазақстанның еңбек сіңірген қайраткері Абзал МҰХИТДИН.

 

 

БАҒДАРЛАМА:

1. Г.Ф.Гендель. «Мессия» ораториясынан ария (Rejoice Greatly, O Daughter of Zion...)

2. Г.Ф.Гендель. «Альмира» операсынан Альмираның ариясы (Lascia ch'io pianga...)

3. Г.Ф.Гендель. «Альцина» операсынан Моргананың ариясы (Tornami a vagheggiar...)

4. Г.Ф.Гендель. «Ғажайып Құдайынан алыста» кантатасынан «Толқыны қатты теңіздегі кеме» ариясы (Son come navicella...)

5. И.С.Бах. «Магнификат» шығармасынан ария (Quia respexit...)

6. А.Вивальди. «Баязет» операсынан Иренаның ариясы (Sposa, son disprezzata...)

7. А.Вивальди. «Гризельда» операсынан Констанцаның ариясы (Agitata da due venti...)

 

 

Ұзақтығы – 1 сағат 30 минут