rebranding

«Мадам Баттерфляй»

2020 / 2021                 Үлкен зал                  VIІІ маусым

30 наурыз * сейсенбі * 19:00

 

 

Джакомо Пуччини

«Мадам Баттерфляй»

2 бөлімді опера

 

Либреттосын жазған Луиджи Иллика мен Джузеппе Джакоза

 

ҚОЙЫЛЫМДЫҚ ТОП:

Қоюшыдирижер– Алан Бөрібаев, Қазақстанныңеңбек сіңірген қайраткері, ҚР Мемлекеттік сыйлығының лауреаты

Дирижер – Руслан Баймурзин

Қоюшы режиссер – Лоренцо Амато

Сценограф – ЭциоФриджерио

Костюмдербойыншасуретші– Франка Скуарчапино

Хормейстер – Ержан Дәуітов, Қазақстанның еңбек сіңірген қайраткері

Костюмдер бойынша кеңесші – Джунко Камохара

Жарық бойынша суретші – Винченцо Рапони

Опера труппасыныңдиректоры – Азамат Жылтыркөзов, Қазақстанныңеңбексіңіргенқайраткері

Қоюшы режиссердің ассистенті – Еренбақ Тойкенов

Костюмдер бойынша суретшінің ассистенті – Арасель Досмұратова

Жауапты концертмейстер – Ирина Кургузкина

 

 

«Мадам Баттерфляй» («Чио-Чио-сан») операсының негізінде америкалық жазушы Джон Л. Лонгтың новелласы бойынша жазылған Д.Беласконың драма жатыр. Осынау пьесаны Лондонда болғандатамашалаған Пуччини оның өмірге жақындығын көріп, қатты толқиды. Оның ұсынысымен либретто жазушылары Л.Иллика мен Д.Джакоза драманың негізінде опера либреттосын жазған. Көп кешікпей музыкасы да өмірге келеді. 1904 жылдың 17 ақпанында Миланда өткен тұңғыш қойылымында опера сәтсіздікке ұшырап, репертуардан алынып тастайды. Көрермендер оның мазмұнын түсінбей, екінші бөлімнің ұзақтығына қатты ашуланды.

Пуччини кейбір нөмірлерді қысқартып, екінші бөлімді екіге бөледі. Осындай азғантай өзгерістермен үш айдан кейін қайта қойылған опера көрермендер арасында өте жылы қабылданып, тез арада ең танымал заманауи опералардың біріне айналды.

Операның алыс Жапония өмірінен алынған оқиғаларға жазылуы кездейсоқ емес, себебі XIX ғасырдың соңы мен XX ғасыр басында Еуропа өнерінде экзотикалық тақырыптарға деген қызығушылық басым болды. Дегенмен, Пуччини музыка жазу барысында Жапон еліне тән ұлттық нақышты жеткізуді мақсат етпейді. Ол үшін басты орында – адамның ішкі дүниесіндегі рухани қақтығыс болды. Осыны іске асыруда композитор әдеби түпнұсқа мазмұнын сақтап қана қоймай, оны тереңдете түсті.

 

 

Ұзақтығы – 2 сағат 25 минут (бір үзіліспен)

 

 

БАСТЫ КЕЙІПКЕРЛЕР ЖӘНЕ ОРЫНДАУШЫЛАР

Мадам Баттерфляй –   Жаннат БАҚТАЙ, Қазақстанның еңбек сіңірген әртісі

 

Пинкертон–                 Медет ЧОТАБАЕВ, Қазақстанның еңбек сіңірген қайраткері

 

Сузуки–                       Гүлжанат САПАҚОВА

 

Шарплес–                    Талғат МҰСАБАЕВ, Қазақстанның еңбек сіңірген қайраткері

 

Горо–                            Рамзат БАЛАКИШИЕВ

 

Ханзада Ямадори –     Талғат ҒАЛЕЕВ

 

Кэт Пинкертон –        Салтанат МҰРАТБЕКОВА

 

Бонза–                          Жанат ШЫБЫҚБАЕВ, Қазақстанның еңбек сіңірген қайраткері

 

Апайы –                       Елена ГАНЖА

 

Анасы –                       Мәдина ИСЛАМОВА

 

Бөлесі –                        Әсем СЕМБИНА

 

Якусидэ –                    Хайдар МҰСТАПИН

 

Комиссар –                  Нұрлыбек ҚОСБАРМАҚОВ

 

Шенеунік–                   Самат ЖАРЫЛҚАСЫНОВ

 

 

Итальян тілінде орындалады

(қазақ және орыс тілдеріндегі синхронды аудармамен)

 

 

Дирекция орындаушыларды ауыстыру құқығын өзіне қалдырады