Scorpions в Алматы

Махаббатым менің – опера

2017 / 2018                 Камералық зал                      V сезон

22 сәуір * жексенбі * 18.00

"Достар арасында" циклынан концерт

«Махаббатым менің – опера»

«Астана Опера» театрының опера солистері мен Армениядан келген қонақ Саркис Бажбеук-Меликянның қатысуымен опера труппасының жетекші концертмейстері Елена Сахноның сүйемелдеуінде театрдың Камералық залында тамаша концерт өтеді.

Музыкалық кештің барлық қатысушылары – халықаралық байқаулар мен фестивальдерге, жобаларға қатысып,  Қазақстанда ғана емес, одан да тыс жерде танымал болған опера әншілері. Көрерменнің сүйікті әншісі Салтанат Ахметова «Россия – Культура» телеарнасындағы «Үлкен Опера» халықаралық жобасының Гран-при иегері атанып, танымал болды. Өзінің жоғары кәсіби шеберлігін көрсете отырып, ол өнеріне табынушылар легін өзіне аудартты.

Баритон Талғат Мұсабаевтың сан түрлі орындаушылық репертуары – көлемді опералық, симфониялық, сонымен қатар камералық әрі концерттік шығармалардан құралған. Көпқырлы өнерінің арқасында ол елімізде және шетелде де танымалдылыққа ие болды, әртүрлі музыкалық бағыттар мен жанрлардағы Республикамыздың көптеген шығармашылық ұжымдарымен әріптестікте жұмыс жасайды. Оның тамаша дауысы қазақ ұлттық және шетелдік классика партияларында басымдылыққа ие.

Концерт қонағы – Армениядан келген жас бас Саркис Бажбеук-Меликян «Астана Опера» театрында бірнеше рет өнер көрсетіп, өзінің терең де қуатты дауысымен, әртістік шеберлігімен көрермендердің жүрегін жаулай білген. Көптеген мәртебелі халықаралық байқаулардың жеңімпазы болған әнші өткен жылдың соңында Минскте өткен IV халықаралық Рождество байқауының Гран-при иегері және лауреаты атанған.

Концертте әлемдік опера классикасының жауһарлары шырқалады.

 

Орындаушылар:

Салтанат Ахметова, Қазақстанның еңбек сіңірген қайраткері (сопрано)

Талғат Мұсабаев, Қазақстанның еңбек сіңірген қайраткері (баритон)

Саркис Бажбеук-Меликян, халықаралық байқаулардың лауреаты (бас, Армения)

Елена Сахно, Мәдениет қайраткері (фортепиано)

 

Ұзақтығы – 1 сағат 30 минут

 

Дирекция орындаушылар мен орындалатын шығармаларды ауыстыру құқығын өзіне қалдырады