rebranding
97 адам соңғы сағатта олар бұл оқиғаға қызығушылық танытты.

«ЖАРҚАНАТ»

2022 / 2023                    Үлкен зал            Х маусым

13 тамыз * жексенбі * 18.00

 

Қарағанды академиялық музыкалық комедия театрының

ГАСТРОЛІ

(11–13.08.2023)

 

И.Штраус

«ЖАРҚАНАТ»

3 бөлімді оперетта

Либретто: Н.Эрдман, М.Вольпин

Спектакль авторы: Д.Бенедикса, Э.Майло мен Л.Галеви

 

Ұзақтығы: 2 сағат 45 минут

Жас шектеуі 10+ екеніне назар аударуларыңызды сұраймыз.

Дирекция орындаушылар мен орындалатын туындыларды ауыстыру құқығын өзіне қалдырады

 

Премьерасы 1977 жылы 24 желтоқсанда өткен

 

ҚОЙЫЛЫМ ТОБЫ:

Қоюшы режиссер Юлий МЕЛЬЦЕР

Қоюшы балетмейстер Владимир КОЛЧАНОВ

Қоюшы дирижер Виталий БРУК

Қоюшы суретші Мәлік БАЙКЕНОВ, Қазақстанның еңбек сіңірген қайраткері

Хормейстер - Галина НОВИКОВА

 

«Жарқанат» – классикалық оперетта. Ол әр қауышқан сайын қуантады әрі таң қалдырады. Бұл музыкалық шығарманың өміршеңдігінің сыры неде? Музыкасында ма, әлде сюжетінде ме? Иә, «Жарқанат» өзінің өміршеңдігі мен танымалдығы үшін музыкасы мен пьесасының сәтті түйісуіне қарыздар. Қазіргі заманда адамдар өздерінің қарым-қатынастарын әртүрлі тәсілдермен ұйымдастырады. Дана Розалинда мен өзіне ұнаған кезекті әйелден өзінің заңды жарын тани алмаған Генрихтің сүйкімді бейнеленуінің себебі де осы. Әрқашан мұрагер ақсүйек қыздармен көңіл көтеруден қалыс қалмайтын ескі таныс Фальк қызметші Адельді ақсүйек ханым деп қабылдайды. Жеңіл флирт (албырттық), күлкілі жағдайлар... және минут сайын, алайда тәубеге келуге тұрарлық таңданыс. Бұл донжуандар үшін екінің бірінде болып тұратын жағдай. Бұл ойын-сауық спектаклі жарқын, түрлі-түсті, әуезді-тапқыр әуенмен аяқталады. Барлық көрініс барысында керемет вена вальсі ойнап тұрады. Жанның мерекесі деген осы!

Бұл барлық кәсіби мамандары Мәскеу мен Ленинградтың жетекші театрлық жоғарғы оқу орындарында үздік білім алған керемет қойылым тобы бар әлі жас (4 жыл) музыкалық комедия театрында қойылған оперетталардың бірі. Оперетта мен оның канондарының дәстүрлі стилі сақталған, сюжеті өзгертілмеген және модернистік өзгерістерге ұшырамаған, дегенмен де кейбір әртістік және режиссерлік олжалары бар. Режиссер Юрий Мельцердің қойылымымен кейінірек танымал болған И.Штраустың классикалық опереттасы әлі күнге дейін сол редакциясында ұсынылып, көрермендерді тамсандырып келеді. Қызықты және жеңіл декорацияларды жасаған – бас суретші Мәлік Байкенов.

 

«Астана Опера» МОБТ-дан сатып алынған билеттерді спектакльдер болмайтын немесе күні ауыстырылған жағдайда ғана ауыстыруға немесе қайтаруға болады. Барлық басқа жағдайларда қайтару және ауыстыру жүргізілмейді.