Scorpions в Алматы

Жеңіл леп

концерт

«ЖЕҢІЛ ЛЕП»

«Жеңіл леп» концертінде қазақстандық, орыс және шетелдік классик композитордың шығармалары «КВИКОНТЕ» квинетінің орындауында шырқалады.

Ансамбль классиктердің (Ж.Бизе, Э.Григ) музыкасын қатар, Д.Лигети, Ә.Әбдінұров  сияқты қазіргі заманғы авторлардың шығармаларын ұсынады.

«КВИКОНТЕ» аспаптық квинтетінің құрамында – «Астана Опера» оркестрінің әртістері, халықаралық байқаулардың лауреаттары Алексей Косырев (флейта), Дәмелі Махпирова (гобой), Алмаз Тоқпанов (кларнет), Әсет Нелдібаев (фагот), Марат Қонысбаев (валторна) бар.

Концертте жетекші опера солистері – Қазақстанның еңбек сіңірген қайраткері  Дина Хамзина, Гүлжанат Сапақова және Татьяна Вицинская (меццо-сопрано); Қазақстанның еңбек сіңірген қайраткері Талғат Мұсабаев (баритон) өнер көрсетеді.

Жүргізуші және мәнерлеп оқушы – Татарстан Республикасының еңбек сіңірген өнер қайраткері Гюзель ХАЙБУЛИНА

 

Концерттің ұзақтығы – 1 сағат 30 минут

 

Дирекция орындаушылар мен орындалатын шығармаларды ауыстыру құқығын өзіне қалдырады