Jullien Dassin

«Ләйлі – Мәжнүн»

Ләйлі – Мәжнүн/ Театр им. К. Куанышбаева

Өтетін орыны: Нұр-Сұлтан қ., Қ. Қуанышбаев атындағы Мемлекеттік академиялық қазақ музыкалық драма театры

Премьера күні: 27-28 ақпан 2019

Автор: Г. Низами

Режиссёр: Б. Абдураззаков

Актерлар: Олжас Жақыпбек, Инабат Әбенова, Алтынгүл Серкебаева

Жанр: поэма

Ұзақтығы: 1 сағат 35 мин

Жас санаты: 14+

Қосымша:

 

Поэманың оқиға желісі: Араб елінде бір перзентке зар болған дәулеті асқан бай Алладан жатса-тұрса бала сұрайды. Тілегі қабыл болып, бір ұл көреді. Каис ер жеткенде Ләйліні көріп, ғашықтықтың торына шырмалады. Қыздың сұлулығына қайран қалған жігіт есінен танып, ақылынан адасады. Әкесі Ләйліні басқа адамға қосады. Мұны естіген ғашық жігіт жапан түзді кезіп кетеді. Сөйтіп, Каис «Мәжнүн» аталады. Елден жырақ кеткен Мәжнүннің көкірегі толған ащы шерді ұшқан құс пен жортқан аңнан басқа ешбір жан түсінбейді. Жапа шегіп, жаны күйзелген Мәжнүн Ләйлінің өлгенін естігенде есінен танады. Сүйгеніне қолы жетпей бұл өмірден ол да өтеді. Кейбір ғалымдар «Ләйлі – Мәжнүн» жырын сопылық поэзия үлгісінде жазылған, символдық мәні терең жыр деп таниды.

Қоюшы суретші – Қанат Мақсұтов

Билет қайтару шарттары: танысу