Scorpions в Алматы

Өтетін орыны: «Qazaqstan» ОКЗ

Өтетін күні:  21 қараша

Басталуы: 19:00

Тұрақ: бар

Жас санаты: 7+

Нұр-Сұлтан қаласында алғаш рет белгілі композитор Бауыржан Ақтаевтың «Көшпенділер рухы» концерті өтеді.

Бауыржан Ақтаев – дəстүрлі музыка өнерін кеңінен насихаттап, ұмыт бола бастаған ұлттық аспаптар үнін қайта жаңғыртуға  зор еңбек сіңірген белгілі композитор. Көптеген музыкалық аспаптарда еркін ойнайтын мульти инструменталист музыкант ретінде Бауыржан Ақтаев «Көшпенділер рухы» концертінде халық әндері мен замандас авторлардың шығармаларын жаңаша өңдеп, заманауи нақышқа келтіріп, жаңа форматта ұсынады.

Ұлттық музыканың көркемдігі мен бай әуенін паш ететін «Көшпенділер рухы» концерті «Рухани жаңғыру» бағдарламасы аясында өтеді. Концертті ҚР Мәдениет және спорт министрлігінің және Атырау қаласы әкімдігінің қолдауымен «Қазақконцерт» мемлекеттік концерттік ұйымы ұсынады.

Бұл кеште елордалықтарға өз өнерін Атыраудың жас таланттары – «Sarmad» этно-фольклорлық ансамблі ұсынбақ. Қазақ халқының көне ұлттық аспаптарын жетік меңгерген ансамбль Д.Нұрпейісова атындағы халықтық музыка академиясынан түлеп ұшқан өнер иелерінен құралған. Сондай-ақ «Qazaqstan» орталық концерт залының сахнасында «Astana sazy» этно-фольклорлық ансамблі, «Forte Trio» мемлекеттік триосы, «Saz&soul» ансамблі, Светлана Айтбаева,  Ардақ Балажанова, Құрмаш Махан, Жәнібек Жәмиев, Айбол Баймұқанов, Алмас Карипов сынды әншілер өнер көрсетпек.  

Елордалықтар «Көшпенділер рухы» концертін 21 қараша күні сағат 19:00-де «Qazaqstan» орталық концерт залында тамашалай алады.

Билет қайтару шарттары: танысу