Ярослав Фридманның «Суық қысқа арналған саксофонның ыстық ырғақтары» концерті

Ауа райы ызғар суық, қақаған аяз болғанда Ярослав Фридманның саксофон әні бойымызға жылу сезімін ұялатып, жүрегімізді ыстық лебізге толтырмақ. 

Бірегей стилімен тыңдармандардың жүрегін жаулап алған сымбатты орындаушы сіздерді ыстық ырғақтар атмосферасын сезінуге қуана шақырады. 

Ярославтың музыкасы сезім мен шабыт мерекесімен тең. Бұл кеште сіздер баурағыш джаз, белсенді свинг, ұшқыр фанк пен сезімтал босса-нова, жайлы лаунж, этникалық ырғақтарды, сүйікті кинофильмдердің әуендерін, танымал хиттер, рок-н-ролл, блюз, сондай-ақ кубалық және латын америкалық әндерді тамашалайтын боласыздар.

Бізбен бірге көңіл көтеріңіздер!