Бүкіләлемдік The Beatles күніне арналған концерт

16 қаңтар - Бүкіләлемдік The Beatles күні

Сіздерді әйгілі ливерпульдік төрттіктің құрметіне арналған мерекелік күнді атап өтуге қуана шақырамыз! Алматылық арбатта көптеген тыңдармандардың көңілін жаулаған Данияр атты әншінің орындауында әрқайсымыздың жүрегімізге жақын әндер шырқалмақ: «Yesterday», «Hey Jude», «Let It Be» және т.б.

The Beatles әндерін сүйер қауымға арналған бірегей кеш. Сүйікті әндеріңіздің жанды орындауынан ләззат алып, жайлы атмосфераны сезінуге келіңіздер.