Scorpions в Алматы

Аспаптық муыка концерті «Бірге орындаймыз»

2020 / 2021           Камералық зал              VІІІ маусым

27 шілде * сейсенбі * 19.00

 

Аспаптық муыка концерті

«Бірге орындаймыз»

 

«Астана Опера» театрының камералық залында қазақстандық музыканттар веналық классик Моцарттан бастап Tango Nuevo стилінің негізін қалаушы Астор Пьяццоллаға дейінгі композиторлардың камералық туындыларынан бағдарлама ұсынады.

«Бірге орындаймыз» концертінде бұрыннан бері бір-бірімен шығармашылық тұрғыдан дос әртістер өнер көрсетеді.

Халықаралық байқаулардың лауреаты, скрипкашы Лейла Ахметова – Вена музыка және өнер университетінің түлегі, 2019 жылдан бастап – Словакия мемлекеттік филармониясы оркестрінің әртісі. Белсенді түрде концерттік қызметін атқарады. Белгілі словак пианисті әрі саксофоншысы Ладислав Фанчовичпен бірге түрлі құрамда камералық музыканы орындайды. Ладислав пен Лейла француз виолончелисі Кен Вассим-Убукатамен бірлесе Словакия бойынша сәтті тур өткізіп, «Саксафон байланыстары» атты трио жасады.

 

Қазақ ұлттық өнер университетінің түлегі НәзікГүл Жаназарова қазіргі таңда Гнесиндер атындағы Ресей музыка академиясы (РМА) (Мәскеу) мен Льеж Корольдік консерваториясының (Бельгия) студенті. НәзікГүл – халықаралық байқаулардың лауреаты, М.Бушков, М.Венгеров, С.Кравченко, Т.Беркуль, А.Винницкий, А.Соколова, И.Бочкова сынды танымал музыканттардың шеберлік сабақтарына қатысқан.

Иордания, Үндістан, Германия, Швейцария, Румыния, Италия, Түркия, Ресей, Бельгия, Қырғызстан, Беларусь және т.б. елдерде өнер көрсетті.

 

Халықаралық байқаулардың лауреаты, «Астана Опера» оркестрінің әртісі

Курванжан Ахатов спектакльдерде жеке партияларды орындайды, белсенді түрде концерттік қызметін атқарады. Қ.Кожамьяров, Б.Баяхунов, Б.Қыдырбек, С.Әбдінұров, Х.Сетековтің виолончельге арналған шығармаларының тұңғыш орындаушысы болып табылады.

Д.Герингас, Н.Шаховская, В.Тонх, К.Родин, А.Селезнев, Д.Грозгурин, Д.Шаповалов, С.Ролдугин, Л.Мезо, М.Роусидің шеберлік сабақтарына қатысқан.

Танымал қазақстандық музыканттар – виолончелист Е.Құрманаев, скрипкашылар Б.Әбілханов, Қ.Жұмабаева, А.Дүйсенбаев, А.Әбілханова, Ә.Шәкірова, пианист Ұ.Құлмаметов және т.б. бірге жиі өнер көрсетеді.

 

Пианист Анара Камельинова – Камералық зал сахнасында жиі өнер көрсететін қонақ. Ол Қазақ ұлттық өнер академиясын тамамдаған, қазіргі уақытта сонда концертмейстерлік шеберлік кафедрасына меңгерушілік етеді. Бағдат Әбілханов, Ермек Құрманаев және басқа музыканттармен бірге камералық концерттерде өнер көрсетеді, сонымен қатар еліміз бен шетелде қазақстандық музыка өнерін белсенді түрде насихаттайды.

 

Ләйлә Сейітова – халықаралық байқаулардың лауреаты (концертмейстер ретінде), Мәдениет саласының үздігі. Түрлі байқаулар мен фестивальдердің тұрақты концертмейстері, олардың ішінде С.Монюшко атындағы (Варшава, Польша), Мирьям Хелин атындағы (Хельсинки, Финляндия), Герда Лисснер атындағы (Нью Йорк, АҚШ), опера әншілерінің байқауы (Сеул, Оңтүстік Корея), Ф.Шаляпин атындағы (Плёс, Ресей), А.Нежданова атындағы (Одесса, Украина), Нариман Сабитов атындағы (Уфа, Ресей) байқаулар және т.б. бар. Бибігүл Төлегенованың халықаралық байқауында (2010, 2014) жоғары кәсіби деңгейі мен лауреаттарды дайындағаны үшін Алтын медальге лайық деп танылды.

 

 

БАҒДАРЛАМА:

А.Вивальди. Екі скрипкаға арналған концерт, ля минор op.3 №8, RV522 (L'estro Armonico), үш бөлімді:

Allegro

Larghetto e spirituoso

Allegro

 

В.А.Моцарт. Скрипкаға арналған концерт, соль мажор №3, 1-бөлім, KV216

 

Н.Бакри. Екі соло скрипкаға арналған Sonata Variata, үш бөлімді, ор. 70

Preludio e danza

Toccata rustica

Metamorfosi

 

А.Пьяццолла. Фортепиано, скрипка мен виолончельге арналған «Буэнос-Айрестегі жыл мезгілдері»

 

 

ОРЫНДАУШЫЛАР:

НәзікГүл ЖАНАЗАРОВА (скрипка)

Лейла АХМЕТОВА (скрипка)

Курванджан АХАТОВ (виолончель)

Анар КАМЕЛЬИНОВА (фортепиано)

Ләйлә СЕЙІТОВА (фортепиано)

 

 

Ұзақтығы – 1 сағат 20 минут

 

 

Дирекция орындаушылар мен орындалатын шығармаларды ауыстыру құқығын өзіне қалдырады.

 

 

 

Құрметті көрермендер!

«Астана Опера» мемлекеттік опера және балет театрының «Ashyq» пилоттық жобасына қатысуына байланысты, спектакльдерге алдын ала, ертерек келуді сұраймыз.

 

Театрға келер алдында «Ashyq» қосымшасын алдын ала өзіңіздің ұялы құрылғыңызға орнатуды сұраймыз.

Қолдану бойынша нұсқаулық:

1. Өзіңіздің ұялы құрылғыңызға «Ashyq» қосымшасын жүктеп, орнатыңыз (Iphone үшін App Store, ал Android үшін Google Play).

2. Өзіңіздің телефон нөміріңіз бен ЖСН енгізіңіз.

3. Театрға кірер кезде «КІРУ» тіркеуін таңдап, QR-кодты сканерлеу қажет (КІРУ).

4. Жүйе келушінің мәртебесін анықтайды, оны кірер кезде міндетті түрде Театр қызметкеріне көрсету қажет

 

​Мәртебелер:

Көк және Жасыл – Театрымызға кіруге шектеу жоқ

Сары – Театрымызға кіру шектелген, себебі COVID-19 таралуы бойынша байланысушы тұлға болып табылады

Қызыл – Театрымызға кіруге үзілді-кесілді шектеу қойылған, себебі өзін-өзі оқшаулауда немесе амбулаториялық емдеуде болуы тиіс.

Егер келушіде «қызыл» немесе «сары» мәртебе анықталса, ол Театрға кіргізілмейді және мәртебесі туралы скриншоттың бар болуы кезінде спектакльдің басталуына дейін сатып алған билеттерін тапсырады.

 

Бүгінгі таңда инфекция жұқтырғандардың өзін-өзі оқшаулауын бұзу деректері анықталған кезде санитариялық-эпидемиологиялық бақылау органдары мен ішкі істер органдарының лауазымды тұлғаларының іс-қимыл алгоритмі әзірленді.

 

Бұл алгоритм Ведомствоаралық комиссияның 2020 жылғы 7 желтоқсандағы хаттамасымен бекітілген. Сонымен қатар осындай тұлғалар үшін айыппұл түрінде әкімшілік жауапкершілік көзделген.

 

5. Егер келушінің өз мәртебесін тексеруге мүмкіндігі болмаса, осы үрдісті Театр қызметкері «күзетші» режимінің көмегімен – келушінің келісімімен оның ЖСН ақпараттық жүйеге енгізу арқылы жүзеге асыра алады.

Түсіністік танытады деген сенімдеміз!

 

Үлкен залдағы спектакльдерге жас шектеуі: 10+, Камералық залдағы концерттерге: 7+

65 жастан асқан адамдардың театрға келуіне уақытша тыйым салынғаны туралы еске саламыз.

(Негіздеме: Нұр-Сұлтан қаласының бас мемлекеттік санитариялық дәрігері С.С.Бейсенованың қолы қойылған «Нұр-Сұлтан қаласындағы шектеу және карантиндік шаралары туралы» 02.02.2021 жылғы № 5 қаулының 1.5-тармағы)

Сонымен қатар үзіліс кезінде әлеуметтік арақашықтық пен маскалы режимді сақтауды сұраймыз.