rebranding

Б.Байқадамов ат. Мемлекеттік хор капелласының концерті (ЭКСПО)

Концерт Государственной хоровой капеллы им. Б. Байкадамова (ЭКСПО)Бүкілодақтық жарыстардың жүлдегері Мемлекеттік хор капелласы 1935 жылы филармония құрамына кірді онда композитор Дмитрий Мацуцин жетекшілік еткен басында шағын аралас хор болып өнер көрсетті. Ал 1936 жылы Мәскеуде қазақстан өнерінің декадасын 300 адамнан құралған хор сәтті ашты. 

1939 жылы ақпан айында ҚазСРО Үкіметінің Үкімі бойынша филармония хоры Мемлекеттік хор капелласына өзгертілді. Капелланың қалыптасуы барысында Борис Лебедев, Латиф Хамиди, Борис Орлов, Бахытжан Байкадамов, Галина Виноградова жетекшілік еткен, ал 1959 жылдан 1991 жылға дейін КСРО халық әртісі, Мемлекеттік сыйлығының жүлдегері, профессор Анатолий Васильевич Молодов басқарды. 
Бүгінде капелланың көркемдік жетекшісі және басты дирижері болып Қазақстанның еңбек сіңірген қайраткері Бейімбет Демеуов табылады.