Огни Анатолии

Turan Concert

Өтетін орны: Алматы қаласы, Абай даңғылы, 117, Жас Сахна Театры

Күні: 7 қазан 2022 ж.

Басталуы: 18:30

Әртістер: TURAN

Тұрақ: бар

Жас шектеуі: жоқ

Қосымша:

 

 


 

«TURAN» этно-фольклорлық ансамблінің құрылғанына биыл 14 жыл. Бұл құрылғаннан бергі уақыт өлшемі ғана емес, ерек жолға, бөлек ізденіске толы 14 жыл. 
Біреу топ өкілдерін ерекше дыбыстарды аулап сезушілер дейді. Енді бірі ансамбльді өткеннің еншісінде еріксіз қалған құндылықтарды жаңғыртушы күш деп біледі. 
Өздеріне тән ерекше орындау мәнері, шығармашылық еркіндігі арқылы олар бізді әлемге деген ерекше көзқарасымен, әуендер қазынасымен таныстырушылар. Тыңдарманды алғашқы аккордттардан-ақ өзге, жұмбақ әлемге еліктіріп әкететін туындыларының формасы да бөлек, дыбысталуы да ерек: ежелгі көшпенді халықтардың аспаптық, вокалдық шығармаларының үлгілеріне жақын, өткен мен бүгінді жалғайтын көпір сияқты.
Әлемді жаулап алу – олардың мақсатына кірмейді. Әлемнің өзі олардың алдында есігін ашқан: дүниежүзілік концерттік алаңдар, халықаралық додаларда топ жарып қанжылаған жүлделер, әлемнің 70 елінде берген 600-ден астам концерт. Қазақстан, Ресей, Франция, Израиль, Түркия, Германия, Оңтүстік Корея, АҚШ, Әзірбайжан, Испания, Норвегия елдерінде қуана қарсы алып, қимай қоштасатын жанкүйерлер. 

Қорытындылай келгенде, қазақ мәдениетінің өкілі болған «TURAN» ансамблі — биік музыкалық талғамның, жоғары орындау шеберлігінің айқын белгісі. Ендеше, осы жұмбақ құбылыстың куәсі әрі сапалы музыканың тыңдарманы болғыңыз келсе, сізді 7 қазанда сағат 18.30-да Бәйтен Омаров атындағы «Жас сахна» театрында өтетін ансамбльдің дәріс-концертіне шақырамыз! 

Қысқаша ақпарат. «Turan» ансамблі 2008 жылы Құрманғазы атындағы Қазақ ұлттық консерваториясы студенттерімен құрылған. Қазір олардың әрқайсысы — өнертану ғылымдарының докторлары мен магистрлері, сондай-ақ Құрманғазы атындағы Қазақ ұлттық консерваториясының және Т.Жүргенов атындағы Қазақ ұлттық өнер академиясының аға оқытушылары.

Ұжымды құру идеясына көне музыкалық аспаптардың (сыбызғы, шаңқобыз, саз-сырнай, шертер, жетіген, шіңкілдек, домбыра, қыл-қобыз және т.б.) бірегей дыбысталуын қайта жаңғырту негіз болған. Өз шығармашылығы арқылы ансамбль қазақ халқының дәстүрлері, тарихы, тұрмыс-тіршілігі мен мәдениеті туралы баяндайды.

Ансамбль мүшелері: Бауыржан Бекмұханбетов, Ержігіт Әлиев, Мақсат Медеубек, Серік Нұрмолдаев, Жанту Дадабаев.

Концерттік бағдарлама:

  1. «ҰЛЫ ТҰРАН - МӘҢГІЛІК»
    Слова: Б.Беделхан; музыка: ансамбль «TURAN»
  2. «ШАБЫТ»
    Музыка: А.Раимкулова; обработка: ансамбль «TURAN»
  3. «АҚҚУ»
    Музыка: Н.Тлендиев; обработка: ансамбль «TURAN»
  4. «АҚСАҚ ҚҰЛАН»
    Музыка: Кетбуга; обработка: ансамбль «TURAN»
  5. «ОРТЕКЕ»
    Музыка: ансамбль «TURAN»
  6. «БҮРКІТ»
    Музыка: ансамбль «TURAN»
  7. «СЫРЛАСУ»
    Музыка: ансамбль «TURAN»
  8. «ҚИЛЫ ЗАМАН»
    Музыка: ансамбль «TURAN»
  9. «ҚАЗАҚ ЕЛІ»
    Слова: М.Макатаев, М.Отемисулы; музыка: ансамбль «TURAN»
  10. «ҚАРА ЖОРҒА»
    Слова и музыка: народные; обработка: ансамбль «TURAN»
  11. «КӨРОҒЛЫ»
    Музыка: Даулеткерей; обработка: ансамбль «TURAN»
  12. «ЕР ТҰРАН»
    Слова: И.Сапарбаев; музыка: ансамбль «TURAN»