Тоқалдың тендері

Спектальде ескі жүйенің жемқор өкілдері мен мемлекеттік қызмет агенттігінен келген жас әрі әділ қызметкер Әділеттің арасындағы күрес бейнеленеді. Әділет қоғамдағы әділдік пен тазалықты қалпына келтіруге ұмтылады, алайда ескі жемқорлар өз билігін сақтап қалу үшін түрлі амалдарға жүгінеді. Шиеленіске толы оқиғалар, сатира және күлкілі жағдайлар арқылы спектакль қоғамның өзекті мәселесін — жемқорлыққа қарсы күресті суреттейді.

Бұл қойылым көрермендерді ойландырып қана қоймай, орынды күлкі мен қызықты сюжет арқылы өзіне баурап алады.