rebranding

2017 / 2018                    Камералық зал            V маусым

10 маусым * жексенбі * 18.00

Концерт

«Жүректен шыққан махаббат әні»

10 маусым күні Камералық зал сахнасында Астананың 20-жылдығын мерекелеуге арналған «Жүректен шыққан махаббат әні» концерті өтеді.

Бұл кеште жұртшылық алдында опера труппасының солистері, халықаралық байқаулардың лауреаттары – Назым Сағынтай, Шыңғыс Расылхан, Малика Минизини, Рамзат Балакишиев, Ержан Саипов өз өнерлерін ортаға салады. Фортепиано партиясында – Мәдениет қайраткері Елена Сахно. Көрермендерді «Астана Операның» балет әртістерінен де тосынсыйлар күтуде.

Кештің қанық бағдарламасына батыс еуропалық, қазақ және орыс музыкасының жауһарлары енеді. Жас вокалистер А.Бабаджанянның «Благодарю тебя», П.Чайковскийдің «Средь шумного бала», К.Веласкестің «Bеsame mucho», ел сүйіп тыңдайтын І.Жақановтың «Еділ мен Жайық», Л.Хамидидің «Қазақ вальсі» сияқты әндер мен романстарды орындап, мерекелік көңіл-күй сыйлайды.

Әлбетте, музыка мен өлеңде де, сахна мен көрермендер залында да тек қана МАХАББАТ үстемдік етеді.

 

 

Ұзақтығы  – 1 сағат 30 минут

 

Дирекция өзіне орындаушылар мен орындалатын шығармаларды өзгерту құқығын қалдырады