Театр им. Ауэзова

Классиктер мен замандастар

Үлкен зал
13 наурыз 18.00

Қазақстан Республикасы Тәуелсіздігінің 25 жылдығына

«Классиктер мен замандастар»

(М. Төлебаевтың аяқталмаған «Қозы Көрпеш – Баян сұлу» операсы, классиктер – Е. Рахмадиев, Т. Қажығалиев, сондай-ақ заманауи Қазақстан композиторларының симфониялық оркестрге арналған шығармалары) 

13 наурызда Қазақстан Республикасы Тәуелсіздігінің 25 жылдығына орай «Классиктер мен замандастар» атты музыкалық кеш өтеді.

Бірінші бөлімде аяқталмаған шығармалар: М. Төлебаевтың «Қозы Көрпеш – Баян сұлу» операсының концерттік тұсаукесері өтеді және Тілес Қажығалиевтің «Дала аңызы» балеті орындалады.

Екінші бөлімде Еркеғали Рахмадиев, сондай-ақ Балнұр Қыдырбек, Кеңес Дүйсекеев, Төлеген Мұхамеджанов, Ақтоты Райымқұлова, Серік Еркімбеков, Серікжан Әбдінұров, Әліби Әбдінұров, Абзал Мұхитдинов, Санжар Бәйтереков, Рахат-Би Әбдісағын шығармалары ұсынылады.

«Қозы Көрпеш – Баян сұлу» операсының негізінде ғашықтардың қайғылы тағдыры туралы XIII-XIV ғасырдағы қазақтың лиро-эпикалық поэмасы жатыр (Ғ. Мүсіреповтың либреттосына). Атақты сазгер М. Төлебаев операсында Қодар, Баян, Қарабай, Айдар мен Жантықтың есте қаларлық және динамизмге толы партияларын жазды. Операда қазақтың дәстүрлі жанрлары – терме мен желдірме қолданылған.

Тілес Қажығалиевтің аяқталмаған «Дала аңызы» балеті көрермендердің көңілінде түрлі көрініске толы әрі ұмытылмас дала табиғатын елестетеді.

Орындаушылар:

Қарабай – Болат Есімханов

Жантық –   Жан Тапин, Қазақстанның еңбек сіңірген қайраткері

Қодар –     Жанат Шыбықбаев, Қазақстанның еңбек сіңірген қайраткері

Баян –        Мәдина Исламова

Айдар –     Рамзат Балакишиев

«Астана Опера» театрының опера солистері, симфониялық оркестрі мен хоры.

Дирижерлар – Қазақстанның еңбек сіңірген қайраткері Абзал Мұхитдинов, Руслан Баймурзин, Әлихан Ыдырысов.

 

Ұзақтығы – 1 сағат 30 минут, үзіліспен  

 

Дирекция өзіне орындаушылар мен орындалатын шығармаларды ауыстыру құқығын қалдырады