Scorpions в Алматы

Кірпінің жаңа жылды қарсы алғаны (КАТМК)

Жаңа жылды адамдар ғана емес, әсем жер бетінде тұратын барлық-барлық тіршілік иелері де жақсы көреді! Бірақ, бәлкім, барлығы да емес шығар... Аю қыста ұйқыда болады, кірпі де ұйқыға кетеді... Көптеген жануарлар өздерінің жылы да жайлы ұяларында тәтті ұйқыға беріліп жатады! 

Қоян өзінің Кірпі досын аяпты, себебі ол жаңа жылдық әдемі шыршаны көрмей, Аяз Ата, Ақшақармен кездеспей, жаңажылдық сыйлықтарды да алмай қалады емес пе! Содан Қоян Жаңа жылды ешқашан тойламаған Кірпіні оятып алуға бел буды! Бұдан не шығады екен? Әрине, ғажайып пен сыйлықтарға толы нағыз жаңажылдық шытырман оқиға болмақ!