Jullien Dassin

Кедергіге қарай жинал!

«Кедергіге қарай жинал!» - А.П.Чеховтың «Аю», «Ұсыныс» атты ең танымал екі әзіл-оспақ пьесалары негізінде құрылған әзіл-қойылым. 

2018 жылы болған әдеби мерейтойларының қатарында данышман А.П.Чеховтың «Аю», «Ұсыныс» атты ең танымал бірактілі комедияларының 130 жылдығы байқаусыз өтіп кетіпті. Алайда Теміртауда бұл оқиға зейін салусыз қалмады: балалар мен жасөспірімдер театры осы екі пьесаның сахналық интерпретациясын ұсынып, камералық форматта ойналатын «Кедергіге қарай жинал!» әзіл-қойылымын дайындады. 

Чеховтың таныс мәтінін қою бұл жағдайда болжап білмес көлеңкелер театрының ирониялық интермедиясына көмкерілген, онысымен қойылым режиссердің шекспирлік трагедияларға пародия салу идеясын оңтайлы орындайды. Күтпеген дүние әсерін ең бірінші визуалды бейне - балтасы бар өлім жазасының дары тудыртады. Әйткенмен, оның мүлде дар емес екені лезде аңғарылады... Ал қойылымдағы реквизиттер мен жиһаздар кейде көрермендер күтпегендей етіп рөл атқарады: орындық кенеттен әйел кейпіне енеді, жамылғы - сәби болып шығады, ал қонақ үйдегі портрет мүлдем фантастикалық дүние болып түрленеді.

Актерлер:

Степан Степанович - Чубуков Владимир Хомутов
Наталья Степановна - Анастасия Агафонова, Ирина Мальчихина
Илья Васильевич - Ломов Никита Колесов
Григорий Степанович - Смирнов Владимир Хомутов
Елена Ивановна - Попова Нина Сытина, Наталья Ершова
Лука - Роман Гужель
Портрет - Михаил Маскалюк