Scorpions в Алматы

Франциядан сүйіспеншілікпен

«Франциядан сүйіспеншілікпен»

Селимен Доде

(фортепиано, Франция)

Селимен Доде – Франция және Гаити елдерінің мәдениет өкілі. Ол музыкаға туған Экс-ан-Прованс қаласында үйрене бастаған, кейін оқуын Лион ұлттық консерваториясында (Жери Мутье сыныбы) және Париж ұлттық консерваториясында жалғастырған. Жан Франсе атындағы халықаралық байқаудың, Валь-д‘Изерде өткен халықаралық байқаудың, Француз консерваториялары оқушыларының FNAPEC ата-аналар ассоциациясының, Pro Musicis халықаралық сыйлығының лауреаты. Villecroze, the Banff Centre for the Arts (Канада), Safran, сонымен қатар Spedidam (2014) қорларының стипендианты.

Францияда және шетелдерде көп өнер көрсетуде, жақында Нью-йорктегі Корнеги-холлда алғаш өнер көрсетті. Arion студиясында жазған күйтабақтары: «A tribute to Bach» (2011), Бахтың «Фуга өнері» (2013). Скрипкашы Аманда Фавьемен бірге жасаған «Майдангердің жол сөмкесінде» жобасы (2013) Бірінші дүниежүзілік соғыс жүзжылдығы Миссиясының «Жүз жылдық» белгісіне лайық деп табылған.

Хореографтар Юваль Пик және Йоанн Буржуамен, әртіс Мари-Кристин Барромен нағыз шағармашылық жобаларды жасауда әріптестікте жұмыс жасайды. Дромдағы Люсьен Дюрозуар атындағы камералық музыка фестивалінің әртістік директоры болып табылады.

Концерт Қазақстандағы Франция елшілігінің қолдауымен өткізіледі.

Бағадарлама

I бөлім:

Ф. Лист. «Жалғыздықтағы Құдайдың ақ батасы»

Ф. Лист. Liebesträume, №3

Ф. Шопен. Ноктюрн, оp.62 №2

Ф. Шопен. Баркарола, оp.60

II бөлім:

Г. Форе. Ноктюрн, №13

С. Франк. Прелюдия, хорал және фуга