rebranding

III Халықаралық балет әртістерінің байқауы

III Халықаралық балет әртістерінің байқауы

Астанада 2016 жылдың 10-17 қыркүйегі аралығында III Халықаралық балет әртістерінің байқауы өтеді. Қазақстанның жас астанасына алыс және жақын шетелдерден қатысушылар келеді.

Байқау «Астана Опера» Мемлекеттік опера және балет театры негізінде өтетін болады. Байқау құрылтайшысы – «Балет және ұлттық биді дамыту мен қолдау Қоры» жеке қоры.

Шығармашылық сайыстың негізгі мақсаттары мен міндеттері:

- хореографиялық өнерді дәріптеу;

- классикалық балет дәстүрлерін сақтау және дамыту;

- дарынды жас әртістерді анықтау және ынталандыру,

- Қазақстанның мәдени беделін арттыру.

«Астана Опера» балетінің көркемдік жетекшісі, Ресейдің Халық әртісі Алтынай Асылмұратованың жетекшілік етуіндегі байқаудың қазылар алқасы жұмысына түрлі елдерден келген әлемге танымал – бишілер мен балетмейстерлер қатысады.

Астанадағы III Халықаралық балет әртістері байқауының салтанатты ашылуы 10 қыркүйекте өтеді.

 

Байқаудың өткізілетін күндері:

Ӏ тур – 12 қыркүйекте сағат 14.00-17.00 дейін 

ӀӀ тур – 14 қыркүйекте сағат 15.00-17.00 дейін

ӀӀӀ тур – 16 қыркүйекте сағат 15.00-17.00 дейін

Гала-концерт – 17 қыркүйекте сағат 18.00-20.30 дейін