Scorpions в Алматы

Жүректен шыққан үн

2018 / 2019                    Камералық зал            VI маусым

19 қыркүйек * сәрсенбі * 19.00

«Романс сиқыры» циклы

«Жүректен шыққан үн»

2018 жылы 19 қыркүйекте «Астана Опера» театрының Камералық залы сахнасында «Романс сиқыры» циклынан «Жүректен шыққан үн» концерті өтеді. Онда орыс және шетелдік композиторлардың танымал романстары мен әндері, аспаптық жауһар туындылары «Астана Опера» театрының опера солистері мен оркестр әртістерінің орындауында шырқалмақ.

Тамаша әндердің «Күміс ғасыры» ақындарының рухты өлеңдерімен әуезді үйлесімі кештің поэтикалық көңіл-күйіне арқау болмақ.

 

Концерт қатысушылары:

Айгүл Ниязова, Қазақстанның еңбек сіңірген қайраткері (сопрано)

Дина Хамзина, Қазақстанның еңбек сіңірген қайраткері (меццо-сопрано)

Елена Ганжа (сопрано)

Рамзат Балакишиев (тенор)

Болат Есімханов (бас)

Мақпал Бекмағамбетова, Қазақстанның еңбек сіңірген әртісі (скрипка)

Асқар Мұқанов, халықаралық байқаулардың лауреаты (виолончель)

 

Фортепиано партиясында – халықаралық байқаулардың лауреаты Раушан Бескемпірова

 

 

Ұзақтығы – 1 сағат 20 минут

 

Дирекция өзіне орындаушылар мен орындалатын шығармаларды ауыстыру құқығын қалдырады