Scorpions в Алматы

И.Бах "ЖОҒАРЫ СИ МИНОР МЕССАСЫ"

Иоганн Себастьян Бах

ЖОҒАРЫ СИ МИНОР МЕССАСЫ

солистер, хор және оркестрге арналған, BWV 232

«Барокко музыкалық қонақжайы» сериясынан

Си минор мессасы – кемеңгер тұлғаның ұлы туындыларына жатады. Бахтың басқа көптеген шығармалары сияқты, аталған месса Саксония курфюрсті – III Фридрих Августке арналған. Композитор, әміршіге сарай атағын алуға өтініш жазу мүмкіндігін пайдалана отырып, хатпен бірге Мессаның алғашқы бөлімдері – «Kyrie» және «Gloria» нотасын қоса жібереді. Осы туынды Бахтың өзі өмір сүрген уақытта толығымен орындалғаны белгісіз, мүмкін XIX ғасырға дейін өз уақытын күткені жөнінде анық мәліметтер жоқ.

Месса алғаш рет толық күйінде көпшіліктің алдында 1859 жылы Лейпцигте Карл Ридельдің басқаруымен орындалды. Си минор мессасы – тек Бахтың шығармаларында ғана емес, күллі музыка тарихындағы әйгілі шығармалардың бірі.

Осы шығарманың ауқымдылығы таңғалдырады. Бес солистердің ариялары мен ансамбльдері, төрт, бес, алты және сегіз дауысқа арналған хорлар, скрипка, флейта, фагот, д’амур гобойының солосы («In Spiritum Sanctum» бөлімінде), тіпті клавесина мен орган партиялары үйлесімді композицияға бірігеді. «Астана Опера» солистері, хоры және оркестр әртістерінің ерекше ұжымы өздерінің орындау мәнерін стилистикалық жағынан барынша борокко музыкасына, ұлы жасампаз тұлға – Иоганн Себастьян Бахтың түпкі ойына жақын келтіреді.

ОРЫНДАУШЫЛАР:

Сопрано І – Альфия Каримова, Башқұртстанның еңбек сіңірген әртісі

Сопрано ІІ – Айгүл Ниязова, Қазақстанның еңбек сіңірген қайраткері

Контральто – Батыржан Смақов

Тенор – Нарұл Тойкенов

Бас – Ермек Қасым

«Астана Опера» Камералық хоры мен оркестрі

Бас хормейстер – Қазақстанның еңбек сіңірген қайраткері Ержан Дәуітов

Дирижер – Қазақстанның еңбек сіңірген қайраткері Абзал Мұхитдинов

 

Ұзақтығы – 120 минут