Scorpions в Алматы

ГАЛА-ОПЕРА

Құрметті көрермендер!

«Астана Опера» мемлекеттік опера және балет театрының «Ashyq» пилоттық жобасына қатысуына байланысты, спектакльдерге алдын ала, ертерек келуді сұраймыз.

 

Театрға келер алдында «Ashyq» қосымшасын алдын ала өзіңіздің ұялы құрылғыңызға орнатуды сұраймыз.

Қолдану бойынша нұсқаулық:

1. Өзіңіздің ұялы құрылғыңызға «Ashyq» қосымшасын жүктеп, орнатыңыз (Iphone үшін App Store, ал Android үшін Google Play).

2. Өзіңіздің телефон нөміріңіз бен ЖСН енгізіңіз.

3. Театрға кірер кезде «КІРУ» тіркеуін таңдап, QR-кодты сканерлеу қажет (КІРУ).

4. Жүйе келушінің мәртебесін анықтайды, оны кірер кезде міндетті түрде Театр қызметкеріне көрсету қажет

 

​Мәртебелер:

Көк және Жасыл – Театрымызға кіруге шектеу жоқ

Сары – Театрымызға кіру шектелген, себебі COVID-19 таралуы бойынша байланысушы тұлға болып табылады

Қызыл – Театрымызға кіруге үзілді-кесілді шектеу қойылған, себебі өзін-өзі оқшаулауда немесе амбулаториялық емдеуде болуы тиіс.

Егер келушіде «қызыл» немесе «сары» мәртебе анықталса, ол Театрға кіргізілмейді және мәртебесі туралы скриншоттың бар болуы кезінде спектакльдің басталуына дейін сатып алған билеттерін тапсырады.

 

Бүгінгі таңда инфекция жұқтырғандардың өзін-өзі оқшаулауын бұзу деректері анықталған кезде санитариялық-эпидемиологиялық бақылау органдары мен ішкі істер органдарының лауазымды тұлғаларының іс-қимыл алгоритмі әзірленді.

 

Бұл алгоритм Ведомствоаралық комиссияның 2020 жылғы 7 желтоқсандағы хаттамасымен бекітілген. Сонымен қатар осындай тұлғалар үшін айыппұл түрінде әкімшілік жауапкершілік көзделген.

 

5. Егер келушінің өз мәртебесін тексеруге мүмкіндігі болмаса, осы үрдісті Театр қызметкері «күзетші» режимінің көмегімен – келушінің келісімімен оның ЖСН ақпараттық жүйеге енгізу арқылы жүзеге асыра алады.

Түсіністік танытады деген сенімдеміз!

 

Үлкен залдағы спектакльдерге жас шектеуі: 10+, Камералық залдағы концерттерге: 7+

65 жастан асқан адамдардың театрға келуіне уақытша тыйым салынғаны туралы еске саламыз.

(Негіздеме: Нұр-Сұлтан қаласының бас мемлекеттік санитариялық дәрігері С.С.Бейсенованың қолы қойылған «Нұр-Сұлтан қаласындағы шектеу және карантиндік шаралары туралы» 02.02.2021 жылғы № 5 қаулының 1.5-тармағы)

Сонымен қатар үзіліс кезінде әлеуметтік арақашықтық пен маскалы режимді сақтауды сұраймыз.

 

 

2020 / 2021                    Үлкен зал            VIІІ маусым

4 шілде * жексенбі * 18.00

 

ГАЛА-ОПЕРА

 

Astana Opera Халықаралық опера академиясының салтанатты ашылуына арналған концерт. Гала-операда «Астана Опера» театрының жетекші солистері, сонымен қатар Италия, Моңғолия және Қырғызстаннан шақырылған солистер қатысады.

Музыкалық кештің ауқымды бағдарламасында «Астана Опера» солистері, хоры, балеті, мимансы, балалар хор студиясы мен симфониялық оркестрінің орындауында әлемдік классиканың танымал шығармалары, қазақстандық композиторлардың операларынан көріністер ұсынылған.

 

 

ШАҚЫРЫЛҒАН СОЛИСТЕР:

Марианджела СИЦИЛИЯ (сопрано, Италия)

Риккардо делла ШУККА (тенор, Италия)

Маттиа РОССИ (баритон, Италия)

Саян ИСИН (тенор, Қырғызстан)

Бадрал ЧУЛУУНБААТАР (баритон, Моңғолия)

 

 

«АСТАНА ОПЕРА» ТЕАТРЫНЫҢ СОЛИСТЕРІ:

Қазақстанның еңбек сіңірген қайраткерлері

Салтанат АХМЕТОВА (сопрано)

Жұпар ҒАБДУЛЛИНА (сопрано)

Айгүл НИЯЗОВА (сопрано)

Медет ЧОТАБАЕВ (тенор)

Азамат ЖЫЛТЫРКӨЗОВ (баритон)

Талғат МҰСАБАЕВ (баритон)

 

Халықаралық байқаулардың лауреаттары:

Назым САҒЫНТАЙ (сопрано)

  • сем СЕМБИНА (сопрано)

Рамзат БАЛАКИШИЕВ (тенор)

  • ұл ТОЙКЕНОВ (тенор)

Ержан САИПОВ (баритон)

Евгений ЧАЙНИКОВ (баритон)

Расул ЖАРМАҒАМБЕТОВ (баритон)

Бауыржан ӘНДЕРЖАНОВ (бас-баритон)

Шыңғыс РАСЫЛХАН (бас)

Болат ЕСІМХАНОВ (бас)

 

 

Балет әртістері:

Қазақстанның еңбек сіңірген қайраткері Әнел РҮСТЕМОВА және Жәнібек ИМАНҚҰЛОВ

 

 

«АСТАНА ОПЕРА» ТЕАТРЫНЫҢ СИМФОНИЯЛЫҚ ОРКЕСТРІ, ХОРЫ, БАЛЕТ ӘРТІСТЕРІ

 

Дирижерлер – Қазақстанның еңбек сіңірген қайраткері Абзал МҰХИТДИН, Джузеппе АКУАВИВА (Италия), Руслан БАЙМУРЗИН

 

Бас хормейстер – Қазақстанның еңбек сіңірген қайраткері Ержан ДӘУІТОВ

Балет труппасының көркемдік жетекшісі – Ресейдің Халық әртісі Алтынай АСЫЛМҰРАТОВА

 

 

Ұзақтығы – 1 сағат 40 минут

 

 

Дирекция орындаушыларды ауыстыру құқығын өзіне қалдырады