rebranding

Гала-балет / «Қазіргі сәт қанша уақытқа созылады?»

2021 / 2022                 Үлкен зал                  ІХ маусым

5 қазан * сейсенбі * 19.00

6 қазан * сәрсенбі * 19.00

 

БАЛЕТ КЕШІ

Гала-балет  /  «Қазіргі сәт қанша уақытқа созылады?»

Екі бөлімнен тұратын бағдарламада «Астана Опера» театры балет әртістерінің орындауында – классикалық балеттерден па-де-де, заманауи отандық және шетел хореографтарының миниатюралары және Раймондо Ребектің бір бөлімді «Қазіргі сәт қанша уақытқа созылады?» (How long is Now) балеті қойылады.

«Астана Опера» балет труппасының көркемдік жетекшісі – Алтынай АСЫЛМҰРАТОВА, Ресейдің Халық әртісі.

 

БАҒДАРЛАМА

А. Адан. «Корсар» балетінен трио. М.Петипаның хореографиясы

Әнел РҮСТЕМОВА, Қазақстанның еңбек сіңірген қайраткері,

Еркін РАХМАТУЛЛАЕВ, Қазақстанның еңбек сіңірген қайраткері,

Олжас ТАРЛАНОВ

 

Steppe Sons «Қорқыт». А.Садықованың хореографиясы

Еркежан ЖҮНІСОВА, Сұлтанбек ҒҰМАР

 

А. Адан. «Корсар» балетінен па-де- скляв. М.Петипаның хореографиясы

Мөлдір ШӘКІМОВА, Айбар ТОҚТАР

 

«Дала үні» балетінен дуэт. Қ.Шілдебаевтің музыкасы. П.Бананың хореографиясы

Анастасия ЗАКЛИНСКАЯ, Далер ЗАПАРОВ

 

Р.Дриго. «Арлекинада» балетінен па-де-де. М. Петипаның хореографиясы

Шұғыла ӘДЕПХАН, Серік НАҚЫСПЕКОВ

 

Л.Минкус. «Дон Кихот» балетінен сыған биі. М.Петипаның хореографиясы

Наталья КОНДЯ, Қуат КӘРІБАЕВ, балет әртістері

 

Л.Минкус. «Дон Кихот» балетінен Гран-па. М.Петипаның хореографиясы

Әйгерім БЕКЕТАЕВА, Қазақстанның еңбек сіңірген қайраткері

Бақтияр АДАМЖАН, Қазақстанның еңбек сіңірген қайраткері, балет әртістері

 

*   *   *  *   *   *   *

 

«Қазіргі сәт қанша уақытқа созылады

Бір бөлімді балет

 

Қоюшы хореограф – Раймондо Ребек

Сценография (Р.Ребектің эскиздері бойынша) – Виктор Караре

Жарық бойынша суретші – Карло Черри

Костюмдер бойынша суретші (Р.Ребектің эскиздері бойынша) – Арасель Досмұратова

 

Неміс хореографы Р.Ребектің «Қазіргі сәт қанша уақытқа созылады?» балеті – бұл уақыт пен оның жекелеген сәттері туралы пәлсапалық ой-толғау.

Өмірдің сан алуан кездерінде Қазіргі сәт қанша уақытқа созылуы мүмкін? Ғашық жанға сүю сәті тоқтаусыз болып көрінер, ал махаббат азабы мәңгілік жадында сақталып немесе із-түзсіз өшуі мүмкін... Өмірдің азабын тартқан адамдар мен рахатын көргендер үшін уақыттың ағымы әрқалай сезіледі.

Бүгін – бұл ертеңгі күн үшін өткен шақ, себебі қазір ғана орын алған жайт әп-сәтте кешегіге айналады. «Қазіргі сәт қанша уақытқа созылады?» деген сауалға Льюис Кэрролдың «Ғажайыптар еліндегі Алиса» ертегісіндегі басты кейіпкердің ұқсас сұрағына берілген Қоянның жауабы дәл келеді: «Қазіргі сәт, мәңгіліктей, кейде көзді ашып-жұмғанша өтеді де кетеді».

Р.Ребектің балетінде бишілердің үш жұбы адам өмірінің әр кезеңін бейнелейді. Дарынды хореограф уақыт ағымы мен оны сезіне білу мәселелерін хореографиялық әдістер арқылы зерттеуге бірегей талпыныс жасайды.

Қойылымда М.Рихтер, Г.Эскот, Э.Боссо, О.Арнальдс және «1+1» фильміне арналған саундтрек авторы ретінде айрықша танымалдылыққа ие болған Л.Эйнаудидің, сондай-ақ «Les Tambours du Bronx» («Бронкс барабандары») тобының музыкасы пайдаланылған.

 

КЕЙІПКЕРЛЕР МЕН ОРЫНДАУШЫЛАР:

«Уақыт» –   Арман УРАЗОВ

«Бозбалалық шақ» –   Шұғыла ӘДЕПХАН / Айбар ТОҚТАР (5.10)

                                      Бақытгүл ИСПАНОВА / Данияр ЖҰМАТАЕВ (6.10)

«Жастық шақ» –  Анастасия ЗАКЛИНСКАЯ / Олжас ТАРЛАНОВ

«Кемелденген шақ» –   Мөлдір ШӘКІМОВА / Рүстем СЕЙІТБЕКОВ, Қазақстанның еңбек сіңірген қайраткері (5.10)

                   Аделина ТӨЛЕПОВА / Далер ЗАПАРОВ (6.10)

 

«АСТАНА ОПЕРА» БАЛЕТ ӘРТІСТЕРІ, СИМФОНИЯЛЫҚ ОРКЕСТРІ

 

Ұзақтығы – 1 сағат 30 минут