Jullien Dassin

«FORTE TRIO шақырады» топтамасы Камералық музыка кеші

2021/2022            Күләш Байсейітова атындағы Камералық зал                   ІХ маусым

14 қазан * бейсенбі * 18.00

 

«FORTE TRIO шақырады» топтамасы

Камералық музыка кеші

Д.Шостаковичтің мерейтойына орай (1906-1975)

ҚР Мәдениет және спорт министрлігі «Қазақконцерт» мемлекеттік концерттік ұйымының FORTE TRIO ҚР мемлекеттік триосы «Астана Опера» театрының Күләш Байсейітова атындағы Камералық залында Шостаковичтің мерейтойына орай камералық музыка кешін ұсынады.

FORTE TRIO ұжымының барлық музыканттары – танымал әртістер, халықаралық байқаулардың лауреаттары. Ұжымның көркемдік жетекшісі – Қазақстанның еңбек сіңірген қайраткері Тимур Урманчеев.

Аспаптық музыка сүйер қауымды өздерінің өнерімен үнемі қуанта отырып, FORTE TRIO жаңа бағдарламада Дмитрий Шостаковичтің фортепианоға арналған триоларын ұсынады.

Дмитрий Шостакович – ХХ ғасырдың бетбейнесіне айналған композитор, оның әлемдік музыка мәдениетіне қосқан үлесіне еш күмән жоқ. Шостакович феномені консерватория жылдарында қалыптаса бастады, ол кезде оның ерекше шығармалары жұртшылық назарын өзіне аударатын, ал жаңа туындылары сол заманнан бері асқан қызығушылық тудыратын.

Бірінші трио до минор – Шостаковичтің жасөспірім кезеңіне жататын әрі композитордың көзі тірісінде жарыққа шығып үлгермеген шығармасы кештің шымылдығын ашады. Осы туындының бар екені өткен ғасырдың 80-ші жылдарының соңында ғана белгілі болды. Трионы 1923 жылы композитор он жеті жасында жазған және көп жағдайда ол кейінгі романтизмнің музыкалық дәстүрлеріне негізделген.

Белгілі музыкатанушы, Шостаковичтің жақын досы Иван Соллертинскийді еске алуға арналған Дмитрий Шостаковичтің екінші триосы 1944 жылы жазылған – бұл композитор шығармашылығының ең қайғылы кезеңдерінің бірі. Сұрапыл соғыс оның көптеген достары мен әріптестерінің өмірін қиды, ал Трио барлық қаза тапқандарға арналған реквием іспетті.

 

БАҒДАРЛАМА:

Д.Шостакович.

Фортепианоға арналған №1 трио, до минор, ор.8

Фортепианоға арналған 2 трио, до минор, ор.67

 

ОРЫНДАУШЫЛАР:

«FORTE TRIO» ҚР мемлекеттік триосы, құрамы:

Тимур УРМАНЧЕЕВ, Қазақстанның еңбек сіңірген қайраткері (фортепиано)

Шолпан МАНКЕЕВА (скрипка)

Мұрат НАРБЕКОВ (виолончель)

 

Ұзақтығы – 1 сағат 20 минут

 

Дирекция орындаушылар мен орындалатын шығармаларды ауыстыру құқығын өзіне қалдырады